Армандай білейік!!!

Армандай білейік!!!
жеке
блог

Армандай білейік!!!

 

        Расында адам өмірінің мәні армандауға байланысты, жақсы дәстүрдің жамандығы жоқ дейміз, алдымызға мақсат қоюды дәстүрге айналдырсақ біздің өскелең жас ұрпақ  бұл уақыттың  озық тұлғаларына айналары сөзсіз :) күмәнім жоқ...


    Арманыңызды жүзеге асыру мақсатында  институтты аяқтауыңызды күтпеңіз, балаларыңыздың дүниеге келетінін күтпеңіз, күтуді доғарыңыз, жұмыс істеуіңізді, пенсияға шығарыңызды, шаңырақ көтергеніңізді, кешкі жұма күнді, таңертеңгі жексенбі күнді де, жаңа көлік алуыңызбен  жаңа пәтер аламын деп күтпеңіз... Көктемді, жазды, күз бен қысты күтпеңіз ... Бақытқа бөленудегі қас қағым сәт - бағалы, қымбат, ол саяхаттың соңғы аялдамасы емес, ол нағыз саяхаттың өзі. Жұмыс істеңіз – бірақ көк қағаз үшін емес, сүйіңіз – бірақ екі жаққа кетуді ойламаңыз... Билеңіз – жан- жаққа көз салмастан көңіліңізді көтеріңіз. Сіздің өміріңізге кесірі тиер ең осал қателіктің бірі  – бұл өмір бойы бір мақсаттың етегінде кетіп, бар ғұмырыңызды бос әуремен өткізіп алуыңыз...  Жүректі дүлей қақтырып,  адам бойында қара түнекке құйындай үйіріп әкететін жамандықтың емес, арман-аңсарының ақ отауына қолтықтап апарар сұлулықтың, сабағына іңкәрлік ұялаған ізгіліктің дәнегі жатыр. Ерік берілсе, бас-көзге төпеп, ес жидырмай желкелеп алатын құмарлық, дүлей ашу-ыза, кекшілдік секілді тоң астында жарып шығар сәтін күтіп жатқан қасиеттердің өзі басқадай ізгіліктердің бүршік жарып, көктеуі үшін себілген дән тәрізді. Адам бойынан көктем шуағындай көрініс тапқан ізгілік, әдемілік атаулы – ақыл мен ерік-жігерді шыңдап, ішкі танымды ұлғайтып, кемелдендіретін тәрбиенің нәтижесі екені айқын...  Басқаша айтқанда, адамды жан-жануарлардан үстем қылған, оны себеп-салдарға негізделген табиғат заңдары алдында біршама «дербес» ететін, сонан соң абсолютті шексіз құдіреттің  «Ұлық Жаратушымен» байланыстыратын негізгі қасиеті – ақыл, ерік және рухани таным иесі екендігі аян.


        Біз расында керемет уақытта өмір сүреміз, біз өлең жазамыз, ас әзірлейміз, сурет саламыз, бейнелеу өнерінің көркемдігін, әсемдігін жасау қолымыздан келеді...

         P.s. оның барлығы да міне мына өмірде – тек қана соған қадам жасайық!  Сәттілік! Бақытты болыңыздар )))