Боталықтардың 18 жылдық мерей тойы өтті
жеке
блог

Боталықтардың 18 жылдық мерей тойы өтті

Арқа төріндегі әсем қаламыз Қарағанды өңірінде наурыздың 27 жұлдызында К. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театырында Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен жас ақындарды баулу мақсатында осыдан  18 жыл бұрын тапқырлар, алғырлар, білімділер, және өнерпаздардан құралған "Бота" кулыбының 18 жылдық мерей тойына арналған дүбірлі кеш үлкен деңгейде болып өтті.

Кеш шымылдығын, алғашқы "Бота" ұйымын құрған тұлғалардың ролін сомдаған жастардың сахналық қойылымы мен ашылды. Сөз тізгінін Жайық Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасының директоры Бекбалақова Гаухар Абушахманқызының құттықтау сөзімен өрбіді. Сондай-ақ, Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттар басқармасының бастығы Ағымбаев Еркебұлан Мүлікұлы кеш қонағы болды.

Кешке ат терлетіп сонау Алматы қаласынан арқалы әншілер Ерлан Төлеутай мен Ержан Құжымановтар келіп, халықтың қошеметіне бөленді.

 Қарағанды облысының әкімшілігі тарапынан ақындарымыз алғыс хаттармен марапатталса, кешке ат салысқан қазақтың жүрегінде түгі бар қыз-жігіттер бойындағы өнерін тарту етті, бірі домбыра құлағында ойнаса, бірі әртістік шеберлігімен шыңға шықты. Әні мен жыры келіскен Боталық жастардың өнеріне халық тәнті болды.

Бұл ұйымнан аузы дуалы да, өнері мен таңдай қақтырған қазақтың өр рухты талай жастары  шығып өнерде де, өмір де, өзіңін орнын ойып қашап  алған дара тұлғалар шыққан. Қарағанды қара өлеңнің қабасы деп тегін айтылған сөз емес, бұл пікір өңіріміздің тарапынан емес, Алты Алаштың аузынан шыққан ой. Тізімге ілінген 40 ақын бар... тізімге тұспеген талай тұлпар дарын бар өлкемізде. Өлкеміздің атын шығарып жүрген ақындардың бірнешеуіне тоқтала кетсем. Серік Ақсұңқарұлы, Абзал Бөкен, Серік Сағынтай, Руслан Нұрбай, Қайрат Асқар, Бағдат Мүбарак,  Салтанат Смағұлова, Мирас Асан, Ерғанат Кеңеспекұлы, т.б.

 Бұл тізімді тізім  деп жатсақ таусылар емес. Қарағанды поэзиясын осындай деңгейге көтеріп, биігінде ұстап поэзияының тізігінің қостаған жастар күннен күнге артып келеді. "БОТА" кулыбы үшін орасан зор еңбек сіңірген кешегі көненің сарқыты болып сатираның үлгі жолын салып кеткен өмірінің соңына дейін кітапханада өткізілген шараларға етене араласып, кітапхана ісінің дамуына зор үлес қосқа, әдеби және мәдени шараларға жастарға рух беріп, ұлағатты ақыл-кеңес айтудан еш жалықпайтын Мартбек Тоқмырзаны айтпай кету ағаттық. «БОТА» клубының тұсауын кескенде бас - қасында жүрген тележурналист осы аға болатын.

Сонымен қатар "Бота" кулыбынан қанат қаққан Қайрат Асқар, Салтанат Смағұлова, Руслан Нұрбай сияқты өнер жолындағы ақын әпке, ағаларымыздың "БОТА" орталығында шығармашылық кештері де өткен болатын.

Бүгінгі таңда «БОТА-ның» белсенді жастары Ербол Сармурзин, Өміртай Еділхан «Тіл жанашыры» сыйлығының лауреаты атанса, Дулат Аманжол Астана қаласында өткен «Ең жас үздік журналист» атағын алып келді. Осындай жетістіктер болып жатса, кейбір жастар «БОТА» әншілер тобы, жайдарман тобы, домбыра тобы деген сияқты өнерлерімен көрініп жатыр және орталықтың әр отырысы әртүрлі шара түрінде өтеді.

Өлең өмірдің үзіліп түскен мөлдір тамшысы. Жүректегі жазуларды жыр жолдарымен өрнектеген өлеңнің өрісі қашан да қасиеті мен құдіреті қатар жүретін дүние. Осының бәрін бізге беріп отырған киелі қара шыңырақ Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасына алғысымыз шексіз.

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап - сарқылмас рухани қазына демек ол қазынаны бағалай білу ол біз жастардың еңшімізде.

 

ҚарМУ- дың ІІ - курс студенті Торбаева Әселхан