---

---
жеке
блог

Назыгүлге - 21
 

Өңіме бейне жат үміт,
Түсімде өрмін.
Түсінгін.
Қанатына алғыс хат іліп,
Сағыныш құсын ұшырдым...

Жиырма өлең арнаған,
Кінәлі жүрек жеріскен;
Өңімде назар салмаған, 
Түсімдегі әппақ періштем;

Өң мен түс ауысты дағы,
Жанарда ғалам құлаған.
Санамда дауыс тұрады,
"Жаным",- деп өлең сұраған.

Өңіңді қашқан күнде елеп,
Өзімше өлеңдетіп ем.
Өреңіз жетпей жүр ме деп,
Өзімді төмендетіп ем.

Назар сап әркез отырад,
"Не болады",- деп әйгілі ел.
Жауапсыз махаббатым-ақ,
Асқақтығыңызды әйгілер.

Музаға зар қылмай кеткін,
Сезімнің бұлты төнбесе.
Өңімде қайрылмай кеттің,
Өлеңде күтем ендеше...