тіл туралы аз аял

 

Қазақстан ұлттық телеарнасынан көрсетілетін «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасын көрген сайын көңілім түсіп, жүрегім ауырады, оларды ата-анасының тастап кетуі, тірі жетім аталуының өзі бір төбе қасірет, ал мені одан бетер қинайтыны қара көзі мөлдіреген қазақ балаларын шетелге әкетіп жатқаны, 10 миллионнан әрең асатын санымыз бар, жер бетінде қазаққа жаны ашитын ұлт тек қазақ қана емес пе...? Жарайды, бұны қоя тұралық, менің айтпағым тіл туралы еді. Мен казакпін- дейді сол балалар бағдарлама соңында, тілдері қазақпын деген сөзді айтуға қанша қиналса да жүректері қалап тұрғанын сеземін іштей,  олардың тілі ағылшын тілінде шықты, испан тілінде шықты,  олардың тілі неміс, француз, нидерланд  тілдерінде шықты, қалай кінә қоя аласыз, ал сендер неге мені шетелге беріп жібердіңдер - десе кім жауап береді? Қытайда, Моңғолияда қаншама қандас бауыр қарындастарымыздың тілі қытай тілінде, моңғол тілінде шығып келе жатыр, оларды да түсінуге болатын шығар, шаңырақ басқа болғаннан кейін үй иесінің қабағына бағынбай қайтсын. Енді өзімізге бір қарайықшы, қазақтың елінде, қазақтың үйінде жүріп қаны қазақ қара көз кей балалардың тілі орысша шығатыны, ақылына көркі сай, жалындап тұрған кей жастардың қазақ тілін менсінбей өзара орыс тілінде сөйлесетіні, биліктің мемлекеттік тілде қиналғаннан маңдайлары тершіп әрең сөйлейтіні санамды шаршатып, қанымды қыздырып жібереді кейде, шетелдегі қазақтар біздің осындай қазақтарды көргенде не ойлайды екен деші? қазақтар, қазақша сөйлеңдерші....



Бөлісу: