Алақа-а-а-а-й! Бізге бір жыл

Алақа-а-а-а-й! Бізге бір жыл
жеке
блог

Мына суреттегі сүп-сүйкімді,талдырмаш сұлудың аты – НАЗИРА!Ол сыпайы,әдемі,қылықты қыз.Оны қалай мақтасамда жарасады.Өйткені,ол менің махаббатым,жүрегімнің айнасы.Екеуміздің өмір атты теңізде, сенім мен сезімді серік етіп, МАХАББАТ кемесімен жүргенімізге  бір жыл болыпты.Иә,бақандай бір жыл.Бұл аз да емес,көп те емес.Осы жыл ішінде бір-бірімізден ештеңе жасырмай,қуанышты да,қайғыны да бірге бөлістік.Тіпті оның әр жымиған күлкісі,маған  қуаныш сыйлайды.Ол жанымның жалғыз жапырағы!Ол өмірлік музам!Жүрегімнің жартысы,көңілімнің айнасы МАХАББАТЫМ жайлы,өлеңмен жүрек қылын шерткен едім.Соны сіздермен бөліспекпін!Оқыңыз!Пікір қалдырыңыз!

Сен бар кезде ояумын,

Жаныңа жақын таяумын.

Басыңа түссе қаяу мұң,

Қасыңдамын аяулым.

 

Бұзылса да жер сеңі,

Тимейді бізге бір себі.

Түсірсеңде еңсені,

Жек көрмеймін мен сені.

 

Түнде бөліп ұйқымды,

Тыңдаушы едім әніңді.

Қылығыңмен сүйкімді,

Баурап алдың жанымды.

 

Бір болғанда менімен,

Арманда бәрін арманда.

Қоштасармын сенімен,

Жүрегім тоқтап қалғанда.

 

Тұрса да дендеп күш мейлі,

Шын ғашықтың өзімін.

Мәңгілікке өшпейді,

Саған деген сезімім.

 

Сені ойласам ақ таңда,

Бұл махаббат күші де.

Тіпті ұйықтап жатқанда,

Сен кіресің түсіме.

 

Мен асаумын от пенде,

Саған ғана бағынам.

Сен алысқа кеткенде,

Ойлаймын да сағынам.

 

Біреу күліп өзіңе,

Қарап тұрса сызданам.

Сәулесі түссе жүзіңе,

Күннен де сені қызғанам.

 

Өзіңмен тағдыр тарлығын,

Не болса да көремін.

Бұзып жарып барлығын,

Сен үшін өмір сүремін.

 

Әлі айтармын әңгіме,

Құшағыңды саялап.

Назира сені мәңгіге,

Келеді откім аялап.