Қарағанды сапары: БлогҚұрылтай 2014

Қарағанды сапары: БлогҚұрылтай 2014
жеке
блог

Биылғы БлогҚұрылтай өзім үшін жалғыздықтан басталды. Жылда топырлап баратын достарымның қатары сирей бастады, бірі отбасылы, бірі жұмыс басты, біріне қызық болмады...

Осылай Қарағанды сапарына жалғыз аттандым, бірақ жолдан күшті серік тауып алдым. Ол жол бойы маған өлең оқып өз арманы жайлы әңгімелеп берді. 4 жасар Мадияр Дүйсен өзінің президент емес суретші болғысы келетінін айтты. Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" өлеңін үлкен мақтанышпен оқып барды. Мадиярдың камера алдында өзін еркін ұстағаны ұнады, еркін, тақылдап тұр.

 

Солай Қарағандыға жеттім, бізді Марал есімді ару күтіп алып жатар орнымызға апарды. Айсұлтан ескі досым болғандықтан, бізге барынша жақсы квартира алып қойыпты. Жолдан шаршаған бізге тек тамақ ішіп келіп демалу арман болды. Қала аралап суретке түсіру деген менен қалғанын байқадым, жас шағымдағы алып ұшу жоқ бопты... 

Кешкі препати тамаша өтті, жаңа танысулар, жаңа адамдар, ескі достар бәрі көңілді. Тек, отырыстағы 4 үлкеннің бірі болғаным болмаса :)... 

БлогҚұрылтайға деген көңілімнің ерекше екенін білесіздер ғой, тіркеуге тұруға дайындалып барғам жылдағыдай бәрімен бірінші амандасып өзімше болам ба деп едім болмады. Ләззат апай дайындаған команда "қонақтарды әурелемей-ақ, бәрін өзіміз жасаймыз" деді, қуандым. Себебі, маңызды іс болмаса да жастардың құлшынысы ұнады. Еш жұмысқа алаңдамай өз презентациям мен жобамды ойлауға мүмкіндік болды.

БлогҚұрылтай әрине, аздаған жиналыспен басталды. Бұл енді міндетті нәрсе ғой, тек аздап форматымыздан алшақтап кеткеніміз ұнамады. Басында саяси жиналыста отырғандай әсерде болдым. Менің түсінбейтін бір нәрсем осы неге ашылуына блогқа маңызы аз адамдарды отырғызамыз??? Әрине, бұл басты демеушіден басқаға қатысты айтып отырмын. 

Мені қуантқан нәрсе: 1. Ұйымдастырушылардың дайындығы. Өте керемет, әр кішкентай нәрсеге шейін бәрінің шешімін жақсы тапқандықтары. 2. БлогКэмп өткен жердің ыңғайлылығы. 3. Қарағанды қаласын танытуға ұйымдастырылған конкурс.

4. Әкім берген кешкі аста ән салған барлық әншілер 5.Блогкэмптың логотипін өзгертіп тастаса да өздері жасаған логотип ұнады. 6. Долинка, КАРЛАГ ұнады.

Маған ұнамаған нәрселер: 1. Адам қанша іріктелді деген күннің өзінде, блогтың не екенін білмейтін адамдар жүрді. (әсіресе бір 2 қыз) 2. Сессиялардың аз болуы, оларға аз уақыттың бөлінуі және оған дайындалған нәзік жандылардың аз болуы. 3.Журналистердің сұхбат алар кезде барынша танымал, бірақ блог әлемінен алшақ азаматтардан сұхбат алуы. 

Тізе берсең бәрін сараптауға болады екен. Жалпы есеппен айтқанда БлогҚұрылтай биылғы өткен БлогКэмпке қарағанда жоғарғы деңгейде өтті. Себебі, былтырғы формат дым ұнамап еді. 

Биылғы жылдың басты жаңалығы ретінде Блогиада жобасын атағанымен,маңыздылығын әзірге өзім білмеймін. Бірақ Массагет сайтынан үш адамның қатысуға мүмкіндік алғанын айтқым келеді. Массагет болып барынша қолдап, пікір жазып қызығушылық танытқандарыңыз жақсы болар еді...

Айтпақшы, массагеттік арулармен танысқанымды жазбаппын ғой, Есіл Еркесі қатты ұнады, артық сөзі жоқ. Мақпалдың өлеңдері мен өлең оқыған кездегі дауысы ұнады. "Бала қазды" орындаған Жадыраның дауысы ұнады. Массагетте өнерлі жастардың көптігі қуантты. Сурет бар, бірақ кейінірек салам. 

Әрине, биылғы жылдың ең маңыздысы Start Upты жеңу болды. Өзім күтпесемде neke.kz сайтына артылған үмітке қуандым. Мойындамайтын жандар болса да, өз орнын тауып келе жатқан сайтым үшін қуаныштымын. 

Әзірге осы, Долинка туралы бөлек әңгіме жазармын. Мен үшін ол маңызы бар тақырып... 

БлогҚұрылтай 2014 ті ұйымдастырған барлық ұйымдастырушылар мен демеушілерге рахмет айтқым келеді! Бізге көрсеткен сыйларыңыз үшін көп рахмет! Облыстарыңыз өркендеп, биіктерден көріне берсін!