Бір аптаға "өремін"
жеке
блог

Бір аптаға "өремін"

Мектеп қабырғасында жүргенде шаш қиюға деген "махаббатым" ашылды. Жоқ жерден. Ұмытпасам, 9-сыныпта ғой деймін. Қателесуім де мүмкін. Содан қолыма ыңғайлы зат іздедім. Яғни, шашты қиятын құрал. Сол кезде ең ыңғайлысы әкемнің ұстарасы болды. Меніңше, шаш қиюға деген қызығушылығым 7 не 8 сыныпта әкем өзінің шашын маған қидырған кезден басталған сияқты. Желкесін ұстарасымен қыдып, әкемді бір "крәсәвчік" жасап шығарғаным бар еді. Қойшы, сонымен, сыныптағы қыздардың шашын ұстарамен қия бастадым. Тіпті 10-сыныпта түскен бір сүгірет бар еді (қазір таппадым), бес қыз бірге түскен екенбіз. Сондағы үшеуінің шашын мен қиыппын. Суретке түсетін күні "укладкасын" қатырып бергенім сонша, үшеуі бірдей, инкубатордан шыққан "қыздардай" болып қалғаны. Оны кейіннен байқадым. Сөйтіп, үйдегілердің, таныс қыздардың шашын қиып, неше түрлі шаш үлгілерін жасап, өріп жүрдім. Кейіннен ұстарама кішкентай, саусаққа әрең сиятын қайшы қосылды. Сондағы бар құрал-саймандарым мыналар еді: ұстара, кішкентаййй қайшы, "ескі" постель (иыққа жауып қоюға), ер адамдардың майда тарағы. Болды. Сөйтіп, мектеп бітіргенше анда-санда жұмыс жасайтын шаштараз болдым.

Шаш көрсем, әсіресе, ұзын шаштар, қызығып кететінім сонша, тіпті көршінің шашы ұзын қызы мені көрсе қашатын. Менен 7-8 жас кіші өзі. Шашын жалбыратын ұлдармен футбол ойнап жүретін. Соны қуалап жүріп ұстап алып, екі бұтымның ортасына қысып қойып, шашын бір аптаға жететіндей етіп өріп тастайтынмын. Рас, сол шашпен 4-5 күннен артық жүретін... Сөйтіп жүріп, мектепті де біттік.

Студент болғанда, әпкемнің қыздарының шаштарын өріп, туыстарға шаш үлгілерін жасап жүрдім. 2 курста жатақханаға орналасқанда, бөлмедегі қыздарға "көштім". Массажды қатты жақсы көретінмін, әлі де. Қыздарға басында "жалынып" жүріп арқамды уқалататынмын. Құдды, кәрі кемпірдей, желкем ұстайды да қалатын, әлі де)). Содан оның да әдісін таптым. Мен олардың шашын қиып, не сабаққа, тойға барғанда, әдемі шаш үлгісін жасап беремін, олар маған массаж жасап береді. Олар да мәз, мен де мәз. Құда да тыныш, құдағи да тыныш. Сөйтіп, қолыма іліккен өткір қайшыны пайдаланып жүргенімде, 3 курста әпкем курс оқып ал деп, 3 айлық шаштараз курсын оқып алдым. Мәссаған! Қайшыны, тарақты ұстаудың да әдісі бар екен! Және солай ұстаған өте ыңғайлы екен-ау! Қайшы, тарақ, жапқыштан да тыс көптегеннн құралдары болады екен-ау! Кейде тарақты шашыма қыстырып, не шаш қидырып отырған адамға ұстатып, не орындыққа қойып қойып, әйтеуір қиып шығушы ем. Сөйтсем, бір-ақ қолға қайшыны да, тарақты да ұстауға болады екен! Әпкемнің арқасында шаш қиюдың әдістерін, тіпті "мелирование", нешеме түрлі бояу, қию үлгілерін үйрендім! Мінеки, содан бері мен "кәсіби шаштаразбын". Шаштараз курсын оқып болған соң, бір сән салонында 2 ай жұмыс жасадым, студент болып жүріп. Нешеме түрлі бастар, шаштар, адамдар келеді... Құрсын! Олардың басып жуасың! Қиясың! Бояйсың! Кейбіреуі ұнатады! Кейбіреуі жаман көзбен қарап кетеді, өзінің айтқанын қисаң да... дегендей... Сөйтіп, ол майданға 2-ақ ай шыдадым. Содан кейін шаштараз болып істемеймін деп шештім! Негізі ешқашан өлмейтін мамандық қой. Дегенмен де, жүрек қаламаса, болмайды екен. Жо-жоқ, жүрегім шаш қиюға қарсы емес. Тек "бөтен" адамдардікін емес екен! Мінеки, содан бері, курс оқығалы, яғни, 5 жылдың ішінде талай шаш қиып, талай шаш үлгілерін жасадым. Ұнатқаны бар, ұнатпағаны бар... Дегенмен, бір рет қана кесіп, сосын қайтадан алдыма келмеген адам жоқ. Яғни, біршама жақсы қиямын деген сөз шығар, ә?)) Шаш қиюда болған қызықтар өте көп!  Мысалы, алғаш үйреніп жүргенде (курста), оқып жатқандар бәріміз бірігіп бір орыс апаның шашын қидық. Кенет біреуіміз арт жағынан "әлем" жерін ойып тастадық шашының. Бәріміздің көзімін шарасынан шығып кеткен. Ұстазымыз көріп, апаны сөзге айналдырып, оған ештеңе айтпай, алдыңғы жағын өзі қиып, шығарып салғаны бар еді. Сосын, қайшыны ұстап үйреніп жүргенімде, 6-7 жасар інімнің шашын "тез-тез" қиып тастаймын, дегенмен үйреніп жүрмін ғой, жылдамдық керек деп, құлағының ұшын "қыршып" алғаным бар. Қазір сол тыртық 10 жасар інімнің құлағында әлі бар. Солай, солай...

Сонымен, осы уақыт аралығында қолымнан шыққан шаш үлгілерінің сүгіретке түсіріліп қалғандары да бар екен. Мұрағатты ақтарып, бірнешеуін сіздерге жолдап отырмын...)) Сүгіреттер сөйлесін...))

ty

fgf

павы

etger

парв

пивукпеук

ипар

вип

кеон

гшдгш

рпа

оуено

пркр

рокро

крур

пук

уе укеук

олр

ждлрпнг

рңецг

Қысқасы, мен "үйге келетін шаштаразбын". Егер маған сенсеңіз, жұмыстан кейін қай жерге болса да кішкентай, қара сөмкемді көтеріп барып, шашыңызды қиып беруге, шаш үлгісін жасауға шын ниетіммен дайынмын... Еңбек ақым-жылы қабақ, жылы сөз, шын жүректен әзірленген тамақ пен шәй. Болды.))

Н.ғ.: білесіз бе, ал, өзім шаштаразға барып көрмеппін. Тіпті кекілімді де қидырып көрмеппін. Шашымды өргізіп те көрмеппін, 5-сыныптан бері. Рас. Тек өткен жазда Қытайға барғанда шашым түскен соң, сондағы бір шаштаразға шашымды "сыйлап" кеттім. Сөйтіп, өмірімде бір-ақ рет шаштаразға барыппын. Оның өзі Қытайда. Солай.))