Жалғызбын деп жылама 2
жеке
блог

Жалғызбын деп жылама 2

Жетелейді алға мені бір арман

Білем өмір сын-тайғақтан құралған.
Болсам дағы кей сәттерде жыларман,
Жігер алам "жанымдағы тұмардан"
Құласа да асқақ арман шыңдардан
Қиындықсыз, машаһатсыз шыңдалман.
Айырса да құрбы-құрдас, сыңардан
Бір ем барын біліп жүргей құлардан.
Шыдай біліп, сабырменен құнарлан

Көрінеді сонда Күнің мұнардан

Тұрса дағы күтіп сені сын алдан

Сақтық таныт кем түспестей ұлардан.

Шыңға шығып, аумай қалсаң шынардан

Барлық мұңын жылы самал тыңдаған.

Жалғызбын деп тағыдырыңа күрсінбе

Қолдаушың бар, Құдіретті Ұлы Аллаң!

 

Авторы: Назерке Семей