Түркияда Наурыз қалай тойланды?
жеке
блог

Түркияда Наурыз қалай тойланды?

Сәлем, достар! Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Наурыз көже ішіп, бір жасап қалған боларсыңдар. Бәріміз білетіндей Наурыз мерекесін парсы елдерімен Орталық Азия мемлекеттері тойлайды. Ал, соның ішінде түркі әлемі мемлекеттерінің ішінде Түркияда Наурыз қалай тойланады? Осы жайында кішігірім көрген-білген, түйгендеріммен бөлісі кетуді жөн көрдім.

Шынымды айтсам, Түркияда жалпы бұқара халық Наурызды біздегіндей тойламайды. Тіпті жәй сөзбен құттықтау жіберсе де қуанар едім. Наурыз мерекесі бәзбір адамдар үшін қалыпты күнннің біріндей өте шықты. Ал белгілі топтар Наурыз мерекесін атап өтті. Енді мұның сыры неде деген сұраққа келсек, кейбір білім адамдарынан сұрастырып көргенімде,  осыған дейін бұл елде Наурыз мейрамын күрттер тойлап келген. Үнді-еуропалық тілдер тобының батыс ирани тармағына жататын күрттердің тілі әрі парсы тіліне жақын. Орталық Азиядағы түркі тілдес мемлекеттермен бірге парсы елдері тойлайтын бұл мерекені күрттер де ежелден бері тойлап келеді. Сондықтан бұл елдің кейбір тұрғындары үшін Наурыз мерекесі күрттердің мейрамы деген ой қалыптасып үлгерген. Соңғы төрт-бес жыл ішінде бұл мерекені түрік халқы қайта қолға алып жатқан көрінеді. Бір жағынан ағайындас, туыс мемлекеттердің барлығы тойлайтын бұл мерекеден шет қалмаудың, оларға жақындаудан туған игі ниет болса керек. Сондай ниеттен туған үлкен іс-шараның бірі -Түркияның Измир қаласында орналасқан, алдыңғы жазбаларымда айтып кеткендей Алаш қазақ жайлауында Наурыз тойы үлкен дәрежеде атап өтілді. Университтеттің барлық жатақханаларынан арнайы автобус келіп аталған шараға студенттерді алып кетті. Соның ішінде мен де болдым. Енді суреттер сөйлесін.


Мереке Түркия қазақтарының Түркияға келу тарихы жазылған тақтатастың ашылуымен басталды.

Түркия қазақтарының тарихы айтылып жатыр. Солдан оңға қарай: "Қазақ түріктерінің қоғамы" басшысы Жәлел Қаһарман, Измир әкімі Мустафа Топрак, Алаш қазақ қымыз жайлауының иесі Шеризат ақсақал

Бір кезде қазір билік басындағы партияның беледие башкан адайы Бинали Ылдырым келді.(Министрлікке үміткер. Қазір елде саулау науқаны жүріп жатыр)Жапырылған журналистерден жанына жақындау мүмкін болмай қалды. Содан тепкішпен төбеге шығып алып алаңсыз түсіріп алдым. Мұны көрген кейбір фототілшілер менің жаным келіп алды. :))

Киіз үйдің ішіндегі Наурыз дастарханы 

Жайылған дастарханнан құрметті қонақтар дәм-ауыз татты.

Киіз үйдің ерекшелігі, Наурыз жайныда мағлұмат берілді. Измир оркестрінің жалғыз домбырашысы, қазақ әпкеміз Шәмшегүл Жақыпқызы домбырамен күй орындады.

Бір байқағаным, әсіресе әкім балажан екен. Дастархан басында Шеризат Ақсақалдың немересіне мейірлене қарап, басынан сипай берді. Мен де ол моментті ұстап қалдым. )

Дәстүрлі Наурызда боялған жұмыртқаларды соғыстыру ойыны көрсетілді. 

Әзірбайжан халқының ұлттық аспабы сазбен түркі әні айтылды.

Сахна

Тілек тілеп, балғаментемір көсеу ұрылды

Түрік халқының дәстүрі бойынша от жағылып, ішінен тілек тіленіп алаудан секірілу басталды. 

Наурыз алауы

Зейбек биін билеуші эфелер

Қазақтардан Айжан мен Дина есімді қыздар "Қазақ елі" әнін айтты.

Қырғыз түріктерінің өнері

Әзірбайжан түріктері де өнер көрсеткен. Сурет дұрыс шықпай қалыпты. Осы қыз да әнді төгіп-төгіп жіберді.

Түркімен түріктері де біраз өнер көрсетті. Түркімен қыз-жігіттері ортаға шығып ойнады. )) (биледі)

Кішкентай балақайлар алдына жайғасып алған. Той осылардыкі ғой негізі. Тегін палау, көфте (ет) таратылды.  Неге екенін қайдам, бұл жолы өзбектер жоқ. Айтпақшы соңында барлығымыз отты айналып, халай биледік. ))

Ахыска түріктері де биді жандырды. Бойларында таудың мінезі бар өр халық қой. Халықты бір серпінтіп тастады. 

Енді біраз Еуропаға. Балқан түріктері де наурызға шашу шашты.

Шығыс Түркістандағы ұйғыр ағайындар

Алматыдағы Сүлеймен Демирел университетінің 2 курс студенті, болашақ заңгер Атейбек Абай қазақтың небір күйлерін, сондай-ақ күйлерден попуриді шеберлікпен ойнады. Түркия халқына танымал "Домбыра" әнін домбыра аспабымен шертіп бітіре салысымен сахна  алдында отырған балақайлар бір-бір қағаз алып Абайға қарай жүгірді.

 "Аға, қолтаңба беріңізші!" :))

Соңында қазақтарды жинап алып, жайлаудың иесі Гүлнар апамыз шәй берді. Қалған дастархандағы бауырсақ, тәтті-пәттілерді де студенттерге алып кетіңдер деп сарқыттан үлестірді.

Сонымен, сол тойғанымызбен үйімізге тарқадық. :)