Абайла сиыр

Абайла сиыр
жеке
блог

"Осторожно корова" немесе " Абайла сиыр" !
әәә бұл киноны да көрдік. Достарым барып келді. "Норма" деген жауаптан ары аспады. Барғым келді, " қазақтың жетістігі ғой" деп. Бір қол тимеді. Бардым. Қалай? 
Кеше. 22- Наурыз. Ел көже ішіп демалып жатыр. Мен қызым өтініш жасаған соң бардым. Залда 11-12 адам отырмыз. Бесеуі таза орыс. Кино орыс тілінде. Әй, қойшы үйренген дүние ғой. 
Бастай салысымен қарабайыр төрт қабырғадан басталды. Б.Е-ға жараспай қалғаны көрініп тұр. Дегенмен, рөл ғой алып шығу керек.
Кинодан алған идеямды бірден айтайын: Баян баянды ғұмырының өлшеусіз байлығы мен ерекше тұстарын көрсетті...Сценраийді жазған өзі-ау деймін. Әйтпесе, Айгүл неге "корова" болмады?! Баян "корова" бірақ соңында қандай сымдай тартылған. Айгүл де ол рөлді алып шыға алатын еді ғой. ммм, Баянға пиар жасау керек. Оған сонау " Махаббат бекетіндегі" беделі мен сұлу бейнесін тағы да көрсету керек көгілдір экранда. Кино тез арада шығу керек болған ба, әлде асығыстық жасалған ба, белгісіз әйтеу идея толық ашылмаған. Тек пиардың ұшқыны қатты көрінген, әркейіпкердің пиары. Тек жақсы тұсы ауылдың бейнесін көрсете алған. Ат үстіндегі жігіт, қи, "қимен жасалған махаббат"! Керемет! Азамат-ай! ееее, өмірде бір көргенім бар еді тәкәппар адам екенін, кинода тағы көрсете түсті. Айгүл, "фак" көрсетіп не ұтты? Жанармен бірігіп " Тойбестер"-ді жүргізіп жер болғаны аздай... қазақы комедияны көрсеткен адам біреу- ат үстіндегі " жаулап алды махаббатты" айтқан айға қолын созып жүрген жалаң денелі жігіт. 
Енді қорыта айтсам, бұл киноға 500 мың доллардың көлемінде бюджет құйылған. жарты миллионға түсірген кино осы болса ұят болды! не эффект жоқ, не сюжет, не идеяның нақты ашылған суреттеуі жоқ. ЖОҚ! ЖОҚ-ЖОҚ деген көрінбейтін чекке жасалған 500 000... 
Сол ақшаны сол киноны түсіруге бергенше сол ауылды шынымен "депутат" болып көтеру үшін бере салу керек еді. Бірақ, олда ұнамады. Ауыл-Аққайнар! 8 класста осы ауылға айтысқа барған ем. Ауылдың жағдайы жасалған. Тоқаш Бокин атындағы мектеп қаладағы мектептерден де асады. Неге? Ауыл Үмбетовтың ауылы ғой! Қысқасы, кино "авторитеттердің" аймағы мен аймағындағы адамдардан жасалған. Баян тағы жеңді! Қалай? Кинодағы идеологияны ол ортада жасады: Қай жерде, мейлі, қай елде, 
Әлемнің мәні - әйелде. 
Мықтымын десең ойыңды, 
Әйелге барып дәлелде. Жүрсіннің өлеңі айтып тұрған жоқ па?! Иә! Бірақ, киноның соңында алды да Баян ханым Путин, ауыл мұғалімі Медведев болды да қалды!