* * *

* * *
жеке
блог

Барады өтіп өмірім байқалмаған,

Қанша шындық, ой қалды айта алмаған.

Көз де көрді қарғаны қыран қылып,

Ал есектер тұлпар боп қайқаңдаған.

 

Ар-ұяты өн бойынан  кетпеген,

Бір ұлылық күтетін жұрт тек менен.

Жайпап өтті дауылы дүбәра ойдың,

Шыбық едім жаңа ғана көктеген.

 

Не айтарсың жағымпаздық шіркінге,

Ол тұрғанда – көктемеуім мүмкін де.

Қараның да бағы бар хан көрмеген,

Сенем әлі, бәрі өзгерер бір күнде...   /наурыз, 2014/