Қош келдің, Әз-Наурыз!
жеке
блог

Қош келдің, Әз-Наурыз!

Ассалаумағалейкум, Наурыз айым,
Қазағымның айтайын хабар-жайын.
Наурыз көже, құрт-қаймақ, сүрленген ет,
Қысқасы: мерекеге бәрі дайын.

Өзіңді «Көктем» айтқан келеді,- деп,
Наурыз келсе береке енеді,- деп.
Жер шарында 300 миллион адам бүгін,
Келгеніңді тойлауда мерекелеп.

Қош келдің, деміңді бас төрге шығып,
Жаршадың-ау қаншама елде жүріп.
Біздің қазақ паш етсін бар өнерін,
Ал, сен отыр жерінде тербетіліп.

(Жалғасы бар) 
Құдайберген Арман