Ұлыстың ұлы күні-әз НАУРЫЗ!!!

Ұлыстың ұлы күні-әз НАУРЫЗ!!!
жеке
блог

                                          Ұлыстың ұлы күні-әз НАУРЫЗ!!!

           Сәлем массагеттіктер. Сіздерді Ұлыстың ұлы кұні - наурыз мерекелеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз меркесі яғни күн мен түн тенелген жаңа жыл сіздерге мол бақыт , мейрім шапағат алып келсін!  Ата – бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанибет болар еді. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған. Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, « нұр жауды », « туар жыл нұрлы болады », « Наурыздың ақша қарындай » деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады » – деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған. Ұлыстың Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп » қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады дейді. Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәнді тағылымды үйлесімділік жатыр.

             Тілімізде осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай ( науірзек ) келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Көк тас еріген күн» деген сөз оралымдары сақталған.

Әз - Наурыз келді міне,

Шаттықпен ,бақытпен бірге 

Мейріммен,қуанышпен,

Достықпен келді әр үйге.

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың!
            Сіздерді мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!!