Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Кухня: күлкіге тойдырар комедиялардың жаңа маусымы

Кухня: күлкіге тойдырар комедиялардың жаңа маусымы

Кухня: күлкіге тойдырар комедиялардың жаңа маусымы

26 наурыздан бастап «31 арнада» атақты «Кухня» сериалының жаңа маусымы басталады.  Сценарийшілер көптеген тосын сый ұсынып отыр.  

 

Кейіпкерлердің бірі кеменің палубасынан суға құлап кетсе, біреуі көліктің астына түседі, ал біреуі мүлде далада қалады... Даяшы Настяның аяғы ауыр болғанына алты ай. Аспазшы Федя мен су-шеф Леваны махаббат майданындағы қызықтар күтіп тұр.  Вика мен Макстың арасына Макс үшін қауіп төндіретін қарсылас түседі. Бұдан басқа, көрермен «Кухня» сериалының үшінші маусымына тыңғылықты дайындалғаны жөн. Мәселе кадрда жұмыртқалы балмұздақ пен сұйық стейк сияқты өте ерекше молекулярлы тағамдардың болатындығында емес... Тіпті жаңа сериялардың түрлі  айла-шарғыларға толы болатындығында да емес. Макс Виканы қайтарып алу үшін өзінің де, өзгенің де денсаулығын аяп қалмайды. Көлік апаттары, бұғаттан секіру, өрт...  «Кухня» кейіпкерлерінің жаңа серияларындағы кейіпкерлерді бұдан да көп қауіп-қатерлер күтіп тұр. Сүйікті кейіпкерлердің өз-өзіне мүлде ұқсамауы ғана көрерменнің есін алады.

 Марк Богатырев:

  «Мен Максты асүйде істейтін жұмысына қатысты да, Викаға деген қарым-қатынасы тұрғысынан алғанда да бұрынғыдан гөрі ақылдырақ, мақсатты етуге тырысамын. Егер алғашқы маусымдарда Макс бір қыздан екінші қызға өтіп, тұрлау таппай жүрген болса, осы үшінші маусымда ол өз таңдауын жасады. Вика – бірге өмір сүргісі келетін, сүйетін әйел, сондықтан ол Виканың жүрегін жаулап алу үшін барын салады.   Осы салмақтылық пен мақсаттылық арқасында Макс белгілі бір деңгейде толыға түседі, есейеді.  Ол бұрынғыша басшыға өзінің асүйде пайдалы адам екенін, өте қызықты нәрселер жасай алатынын дәлелдеуге тырысады.  Осылайша, Макс бір серияда жаңа паштеттің рецептін ойлап табады, алайда бастық оны да әдеттегідей іске алғысыз етеді. Алайда ол үмітін үзбейді, әрі қарай талпына береді».

 

Елена Подкаминская:

"Үшінші маусым өзінің қарқындылығымен, жаулап алар шытырмандығымен, қауіпті жағдайлармен де ерекшеленеді. Меніңше, Вика жұмсара түскен сияқты. Макспен араласқалы ол біраз нәрсені бастан өткерді: қалықтаулар мен құлдыраулар да болды, түңіліп жаны да ауырды, кейде әлденені көксесе, кейде торығулар да болды.  Талай кешіріп, талай кешірмеді... Жан дүниесінің осыншама дүрбелеңі адамды етітірілікке, өмірді тереңірек сезінуге, оны барынша  толыққанды сүруге үйретеді. Соған қарамастан, үшінші маусымда да Вика әлі де Максты ұмытуға тырысады, біреқ, меніңше, ол ешқашан Максқа осынша жақын болған емес».

 

 Сергей Лавыгин:

«Үшінші маусымда «Кухняның» өн бойындағыдай Сеня «жанып» жүреді. «Ұрының арты қуыс» демекші – Сеня өзінің спорттық ұрлығының арқасында өртенеді (күледі). Міне, бұл - жазаның өтеуі. Ал менің сезімдеріме келетін болсақ, мен қазір жайбарақат-ақ өртенетін болғанмын. Өйткені сериал барасында мен бұл трюкты төрт-бес рет жасадым».

 Никита Тарасов:

-   «Үшінші маусымның негізгі желісі – молекулярлы асхана. Меніңше, бұл біршама оғаштау... Ал көрерменнің кадрдан көретіні шындығында да нағыз молекулярлы тағамдар. Мәселен, бір тал жылтыр вермишельден тұратын томат көжесі… Молекулярлы тағаммен мүлде айналыспаймын. Ал Луи болса мені қатты қызғанады, себебі молекулярды асхананың аспазшысы Катя да Луи сияқты десерттер дайындайды. Мәселен, қоңыр түсты ұнтаққа ұқсайтын шоколадты жел. Луи мұны түсіне алмайды, ол классикалық француз тағамдарын жөн көреді».

 

Отбасымен тамашалайық! 26 наурыздан бастап, 19.00-де,  «31 арнада»!

1
Рейтинг: +0

Автор: 31 арна
Жазылған уақыты: 20 наурыз 2014, 14:52
Тегтер: кухня

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.