Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану
жеке
блог

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану

                         

         «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» оқушылардың шығармашылық  әрекетін қамтамасыз етуде алатын орны ерекше.

Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқушының еркін сөйлеуіне,өз пікірін айтуға,достарының ойын тыңдауға,жағдаяттарды шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз-ой қозғай отырып,оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап,естіген -білгенін талдап салыстырып,білмегенін өзі зерттеп,дәлелдеп,өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы –оқушыға білімнің дайын күйінде берілмеуі. «Не істеу керектігін» нақты жағдайда көрсетпей,мұғалімнің шеберлігі арқылы оқушының өзінің шығармашылық ойлауын,білімге қызығушылығын ояту,шешім қабылдауға  үйрету , жауапкершілігін арттыру.

Жалпы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының мақсаты үш кезеңнен тұрады. Олар: қызығушылықты ояту,мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдері.Оқшыларды ойлауға үйретуде ,тілдерін дамытуда РАФТ,INSERT,екі түрлі түсінік күнделігі,еркін жазу,дөңгелек үстел,үш қадамдық сұхбат,бес жолды өлең,эссе,түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп.

         Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі менің әр сабағымда  қолданыс табады.Әдебиет сабағында «Эссе» стратегиясы бойынша «Егер мен жазушы болсам.....» тақырыбында  шығарманы қалай аяқтар едім деп өз ойын жазады. «Эссе» жазу арқылы өз ойынан әр түрлі пікірлер құрастырып,оны дәлелдеуге үйренді.

Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде,еске сақтауда сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушыларға көп көмегін тигізді.Тақырыпты толық ашып түсінуде  көмектесетін оқыту стратегиясы «INSERT» стратегиясын қолдандым.

Шығарма бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында

«V»- білемін;

«-»- білмеймін

«+»- мен үшін жаңа ақпарат

«?»- мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.INSERT –оқығанын түсінуге ,өз  ойына басшылық етуге,ойын ашық білдіруге  үйрететін ұтымды құрал.Оқушылардың  ерекше қызыға орындайтын  тапсырмалардың  бірі «Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру».Балаларға дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөліп,мәтінді оқи отырып:

Бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар,үзінділер жазады.Сол жағына сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады( нені еске түсірді, себеп салдары қандай,қандай сұрақ бар т.б)

Әр оқушы мәтінмен танысып,дәптерлеріне жазбаша тапсырманы толтырып біткен соң бірінші жұппен,одан кейін топпен талқылау  ұйымдастырылады.Топ ішінен өз жұмыстарын бір-бірден шығып қорғайды.

           Осындай сын тұрғысынан ойлауға арналған тапсырмалар оқушыларды топпен бірігіп жұмыс жасауға  үйретеді.Мәтінді өз бетінше меңгеруге  жағдай жасайды.Сонымен қатар сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды,оқыған  мәтінді түсіну оны түсінікті  етіп айтып беру,оған қатысты ойын,пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың еркін ойлау мүмкіндіктерінің ашылуына себеп болған стратегия – ой толғаныс  сатысы.  Ой толғаныс сатысы кезеңінде, жаңа алынған білімдерді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек.

-оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;

-өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;

-болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;

-жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуде осы білімді қолдану;

(Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.14-б)

         Сабақтың  ой толғаныс кезеңінде «Еркін  жазу» стратегиясын қолдану өте тиімді.Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы,одан алған әсерін,не үйренгенін,нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа өз пікірлерін қағаз бетіне түсіруді тапсырдым.Жазуға уақыт бердім.Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топта талқылап,ең жақсы деп танылған шығарманы ортаға шығып оқыды.

Мәтіндегі негізгі идеяларды талқылауда қолданған әдістердің бірі «ыстық  орындық».Әр топтан бір оқушы алға шығып пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді .Кейбір оқушылар рөлге кіріп кейіпкерді сипаттап та береді. «Ыстық орындық» кезінде оқушылар сыни тұрғыдан ойланатын сұрақтарды өте ұтымды қойып отырды.

         Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер:

Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға  ұмтылу;үзілді –кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою;

Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды  бағалау;баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу. (Мұғалімге арналған нұсқаулық.54-б)

Жалпы сыни  тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады,олар сұрақ қойып,дәлелдерді талдайды,мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады.

Қорыта келе сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын өз сабақтарымда қолдану арқылы оқушыларда психологиялық ахуал қалыптасты.Өзін жеке дара тұлға ретінде танып,бір-біріне құрметпен қарауға үйренді.Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өзін-өзі бақылау,сөйлеу,тыңдау қабілеттері артты.Білімді өз бетімен  алуға деген ынтасы,шығармашылық  жұмыстарға қабілеттері артты.