КЕГЕННЕН ҰШҚАН КӨГЕРШІН

КЕГЕННЕН ҰШҚАН КӨГЕРШІН
жеке
блог

Өткен көктемде ағам ініме аппақ көгершін әкеп берген.. Өзі жалғыз.. Сыңары жоқ қасында.. (бәлкім бар болар ,басқа жақта..) 1 аптадай асырадық.. Інім екеуміз мультфильм көргенбіз..Кептерді аяғына хат байлап, ұшыратын.. Соны қайталағымыз кеп, аяғына арман-тілегімізді жазып.. ұшырдық.."Балалығымды алып келерсің?"депжазған едім.. 1 жыл өтті.. Кегеннен ұшқан көгершін оралмады. Оралмайтыны,түсінікті ғой.. Ал,інім кеп қаларына әлі күнге сенеді..

  Күнделіктен

Көктеммен көңілім көгерсін,
Өткенмен көңілім көгерсін,
Төбемнен тұнық төгерсің,
Кегеннен ұшқан көгершін.

Сәуірде сәуле себерсің,
Тәуірге тәубе де дерсің.
Қамқор болуға шеберсің,
Аққанат тілек көгершін.

Жылатса тағдыр көнерсің,
Жұбатса таң нұр не дерсің?
Жұбаныш едің жаныма,
Құласам қайтіп демерсің?!

Демерсің бәлкім,жеберсің,
Адалдығыңа сенем шын.
Ақ қанатыңмен қорғағын,
Тосып тұр алдан нелер сын...

Алатын әлі көп еншім,
Өткен уақытқа көнем шын.
Балалығымды алып келерсің!?
Кегеннен ұшқан көгершін.

Көктеммен көңілім көгерсін....
Әлия І.