«Қазығұрт тауына (1761 м) белсенді – сауықтыру жорығы» ұйымдастырылды
жеке
блог

«Қазығұрт тауына (1761 м) белсенді – сауықтыру жорығы» ұйымдастырылды

2014 жылғы 16 наурыз күні «Жас Отан» ЖҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы, Облыстық туризм басқармасы және «Туризм индустриясын дамыту орталығы» ассоциациясымен бірлесе отырып «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында Наурыз мерекесіне орай «Қазығұрт тауына (1761 м) белсенді – сауықтыру жорығы» ұйымдастырылды.

Жорықтың негізгі мақсаты – облыс халқын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, өңірде әлеуметтік туризмді дамыту, жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады. Шараға 200-ге жуық Шымкент қаласының тұрғындары қатысты.

Жорық қорытындысы бойынша Қазығұрт тауының шыңына «Мәңгілік ел» туы тігілді.