Ақ халаттыларға рахмет

«Ой Құдай дәрігердің алдына апармасын» деп жатамыз, «Қазіргі дәрігерлерде жауапкершіліке қалмаған, мүлдеп сауаты жоқ, білімсіз» деп көпке топырақ шашумен келеміз. Бір жеріміз ауырып, жанымыз мұрнымыздың ұшына келгенде алдымен Алладан, сосын дәрігерлерден көмек сұрайтынымыз тағы бар. Қазіргі технологияның дамығанына қайран қаламын. Адамның жүрегіне ота жасағанда жүрегін, өкпесін  уақытша тоқтатып, тек система арқылы қанын айналдыра қуады екен. Қызық, адам бейне бір техника секілді, кейбір бөліктерін уақытша істен шығара тұрып жөндек жұмыстарын жасап алатындай. Аллаһтың құдіреті әрине, сонымен қатар дәрігерлердің біліктілігі таңқалдыратыны сөзсіз. Абысынымның кішкентайы 4 тайлық ініміздің бір апта бұрын жүрегіне оты жасалды. Аллаһ сәбилерді ауыртпаса екен. «Баламның табанына кірген тікен менің маңдайына кірсін» дейтін мақалдың мағынасын ана болғалы түсініп келем.

Білікті мамандар көбейе берсін!!!



Бөлісу: