Хат жазғым келді...
жеке
блог

Хат жазғым келді...

Менің ұсқынсыз жырларыма рең берген қатал да қырсық, тәкаппарлау оңбағаныма!

Менің қатігезім, маған танытқан өмір екеуіңіздің қаталдықтарыңызды Алланың арқасында жеңіп келіппін... Бүгін жеңіс менде... Мен бұл өмірді ойсырата жеңдім, сенесіз бе?! Себебі бүгін сіз маған қайта келдіңіз, жалғыз емес ұлы махаббатпен! Бізді өмір ақыры айыра алмады...

Мейлі сіз енді мені еркелетпессіз, сіз менің жүзіме бұрынғыдай мейірлене қарамайтын шығарсыз, екеуіміз екі жаққа жүз бұра тәкаппарси қалатын шығармыз... Бірақ менің жаным сізбен егіздігін, сіздің жаныңыз менің жүрегімнің сыңары екенін сеземін...

Қаталсыз... Қырсықсыз... Бірақ өзім де Алладан өзім сынды адам тілеген жоқ па едім?! Сіз мен, мен сіз сияқтымыз... Бүгін тіптен қайран қалдым, аумай қалған екенбіз,ә?! Енді несіне өкпелеймін?! Менің ең сүйікті өз адамымды Алла өзіме ғана сыйлауға тиісті...

Мен енді ешнәрседен қорықпаймын... Біздің бірге болмауымыз... Оның мүмкін емесіне сендім! 

Менің жанарым неге жәудірейтінін айтайын ба?! Сіздегі мөлдіреген қос жанарды көргенде... 

"Сенің жүрегің соғып тұр ма өзі?!"-деуші едіңіз ғой... Оның соғысын баяулатудың жолын таба алмай жүрмін...

Мен сізге о бастан-ақ адал болғанмын, сіздің маған деген адалдығыңыздың Алладан қайтқан жауабы болса керек... 

Менің нәзік жанымның қатігезі, мен сізді бірде ең мейірімді адамға айналдыратын боламын... Ешкімге ұқсамайтын махаббатыңыздың ғажайып кейіпкері атанғым келеді... Мен сізді сіз сияқты сүйгім келмейді, мен жәй ғана сіздің сезіміңізге лайықты жан болғым келеді... 

  Бұл хатты мүмкін сіз мүлде оқымайтын шығарсыз... Бүгін жәй ғана менің

сізге хат жазғым келді... Ертең маңызы болмасын білсем де бүгін өзіңізге жолдамадым.

Бірде бірге оқуға жазсыншы Алла...