АЛАСТАУ

АЛАСТАУ
жеке
блог

Аластау — дәстүрлі тәңіршілдік дүние-танымнан, отқа табынудан қалған ырым. Ол екі түрлі мәнде — ел аумағын, мал өрісін, мекен-жайды кесір-кесапаттан сақтау үшін және адам мен малды ауру-сырқаудан айықтыру үшін қолданылған.
Ежелгі қазақтар отты тазалық иесі, зұлымдыққа қарсы тұратын құдіретті күш, киелі нәрсе санаған. Б.з. 4 ғ-ында Византия елшісі Земархты, кейіннен Еуропа елшілерін дала жұртының от арасына өткізіп, “тазартып” қарсы алғандығы көне Қазақстан туралы жазылған саяхатшылар еңбектерінен белгілі.