23-ке келдім...

23-ке келдім...
жеке
блог

Бүгін яғни наурыздың 14-і – менің туған күнім. Күні бойы жұмыста болдым, түсірілім жасадық. Қысқасы жүйке біраз жұқарды, қатты шаршадым.  Жұмыс аяқталысымен үйге асықтым. Қасымда сүйген адамым (жігітім жұмыстағы әріптесім,  сол себепті таңның атысынан кеш батқанда жұбымыз еш жазылмайтын жандармыз). Алайда анау-мынау шаруа пайда болып (ортақ таныстарымызбен кездестік дегендей), өз үйімнің есігін оннан аса ғана аштым. Күн біршама қиын болып өткендіктен, тезірек төсегіме жатып, тәтті ұйқыға батқым келген жоспар бойынша. Жігітіме де «Он екіні күтпей ақ қой, бара бер, таңертең көрісерміз» дедім. Ол үндемей кеткен болатын. Мен енді ғана ұйықтайын дей бергенде, біреу ысқырық шалады терезімнің алдында (негізінде Ернар сөйтетін келген кезде). Сөйтсем, ол туған күнмен тура он екіде құттықтауға келіп тұр)))

Мен ендігі үйіне жеткен шығар деп ойлаған жігітім бір сағат далада жүріп, он екі болуын күткен екен. Міне, нағыз бақытты сәт, шынайы сезім айғағы!

Туған күнімде не тілейін Құдайдан? Осы сұрақ мені ұзақ ойландырды. Тоқтамым мынандай: мені құттықтау үшін үйге кетпей жүрген (әбден шаршаса да)  сол жанды өмір бойы күтіп өткім келеді.

Пы/сы: Көңіл-күйім керемет. Өз өміріме Аллаға шүкір ризамын. 22 жасымда коллектив басқардым, тележоба жасадым, оның бәрі мен үшін мақтануға тұрарлық үлкен жетістіктер. 23 жасымда да өз биігімде қалғым келеді.