Сұрықсыз сауал

Сұрықсыз сауал
жеке
блог

 

тимти

Сұрықсыз сауал

Бұрылмап едім әншейін жұртқа жолай да,
Жүрегім білмен басқаға енді жолай ма.
Бір күні басқа орамал түссе тор болып,
Келмейсің іздеп,жазғырып мені, солай ма?

Нәзіктеу жаным ойнауға сізге қолайлы ә?!
Айнаға қара, жанымды жаяр сол айна.
Бір күні біреу ұмыт деп маған шарт қойса,
Ұмыту мені саған да сонша оңай ма?!

Маңдайға мынау тар ғана кең бақ сия ма?
Сыймаймын мен де өзімнің мәңгі ұяма.
Бір күні біреу бағына балап жатса егер,
Кешіресіз ғой күтпегенімді еш... ...йа ма?!

Кем де емессің,кенде де емессің ақылға,
Жүрмеймін енді жаныңа мүлде жақында.
Бір күні жаттың бағы боп жатсам жарыңды,
Қаттырақ сөйлеп қапа қылмашы мақұл ма?!

Тәкаппар едім, амалын таптың қалайда,
Жүрегің білем, биікке әлі балайды ә?!
Мен басқа жанның сыңары болсам бір күні,
Міндетті түрде бақытты болшы жарай ма?!
17.02.2014

адеми


Таңғы қоңырау

Шыр етті де шекемде шылқыды бақ,
Мен мәзбін-ау, отырса ұйқы жылап.
Қоңыр дауыс жағымды жағадан ап,
Қарсы алады алдымнан күйкі-жұмақ.

Таңмен бірге оянып санамда үміт,
Тұрған сынды бар күллі ғалам күліп. 
Еркеліктен қолы тимей жүрген мені,
Жібересіз таң атпай адам қылып.

- Қайырлы таң, періштем пешенелі»,
Дейсіз сонсоң: «бүгін түн кеш өледі».
- Таңға таңып қоймасаң тілегімді,
Түнде сенің нөмірің өшер еді...

Таң шуағым, сен жоқта болмайды күй,
Жеңілгенбіз тағдырдан, ойлайды дей.
Түннен таңға тоңатын жүрегімді,
Дірдектетпей Алла да қоймайды мей?!

Махаббаттан сезіппін тұздың дәмін,
Білем жасау қиын іс қыздың қамын.
Түсімде сізбен таңда ояныппын,
Шыр еттің де телефон бұздың бәрін...
2013жыл
Мақпал Төребек