Кез келді шындық жазар...

Кез келді шындық жазар...
жеке
блог

Кез келді шындык жазар, түсінік сұрап сенен.
Тағдырға бар ма шара, сезімге суын сепкен?
Жүрегім бағынбады, іздеме кінә менен.
Көзіңе шөп салмадым, өзгені ұнатқанмен.
Жаныңда жүрмін әлі, көңілім бірақ бөтен.
Жолымыз жол айрықта, белгі бұл бөлін деген.
Қасыңда қала алмаймын, өзімді зорлап күшпен.
Жетеді қиналғаным, бәріне шыдап көнген.
Қарасақ мұңымыз көп, күндерден бірге күлген.
Санасақ ай шықпайды, үш жылдан бірге жүрген.
Махаббат кітабымды, жабуға бекіндім мен.
Жазуды жалғастырмай, тоқтатам келген беттен.
Бөлтірік ашыққанда, тамағын бөлек жеген.
Жүрегім ашықтыма, жылулық сезінбеген.
Босатқын бақыт тілеп, шынайы көңіліңмен.
Бөлініп мен кетейін, үлгі алып бөлтіріктен.
Тәтті күн құшақ ашпас, көрсетіп қырын бүккен.
Өткен күн оралмайды, ойлама, ұмыт мүлдем.
Естелік із қалмасын, қоса өрте үмітпенен.
Күнәсін арқалармын, жанарың жаңбыр төккен.
Емінде таба алмаспын, жаныңа сызат түскен.
Жазасы дайын болар, шамасы тозақ төрден.
Құтылып кете алмаймын, қашқанмен қара көрден.