Сіз білмейтін 1000 таңғажайып факты #3

Сіз білмейтін 1000 таңғажайып факты #3
жеке
блог

Мерекеден кейінгі көңіл-күйлерің жақсы ма, достар? Сіз білмейтін 1000 таңғажайып фактының жалғасын оқып көрейік: 

1. Рэмбо боевигін көрген боларсыңдар. Төрт серия барысында Рэмбо бір өзі 370 адамды өлтірген екен.

2. Сарышаяндар тамақсыз бір жылдан астам өмір сүре алады. Онымен қоса сарышаянды бірнеше аптаға мұзға қатырып тастап, артынан ерітсе ол тірі және сап-сау қалады.

3. Коалалардың саусақ іздерін адам саусақ іздерінен айырып алу мүмкін емес екен, тіпті микроскоппен де.

4. Жаңа Зеландияда маса деген жәндік тіпті болмайды екен.

5. Болгарияда басыңды изесең - ЖОҚ деген, ал екі жаққа шайқасаң - ИЯ деген мағынаны білдіреді екен.

6. Ирландияда 29 ақпан әйелдердің ерлерге сөз салатын күні. Бұл дәстүр сонау XI ғасырдан бастау алған екен. Егер ерлер бас тартатын болса, айыппұл төлеп құтылады екен.

7. Ұлы француз әртісі Сара Бернер 70 жасында 13 жасар Джульетта рөлін өте жақсы ойнап шыққан.

8. Сауд Арабия еліне әйел жынысты қуыршақтарды апаруға тыйым салынған.

9. Орташа есеппен жер бетінде минутына 260 нәресте дүние есігін ашса, 100 адам өмірден озады екен.

10. Статистика бойынша жол көлік оқиғаларына сары түсті автокөліктер екі есе аз ұшырайды екен.


Әзірге осы. Жалғасын күтіңіздер...
http://massaget.kz/blog/10675

http://massaget.kz/blog/10680