Шеше

Шеше! Мен кеше тентек ұл ем білесің бе, Жүруші ем күс-күс болып күресінде. Қызғанып бала көңіл үлкендерден, Сен үшін баратынмын күресуге. Шеше! Мен кеше бала едім ғой емшектегі, Балам деп жаның азап кем шекпеді. Білесің бе асыр сап ойнағанда, Болатын налып сонда көрші өкпелі. Шеше! Мен сені сағынамын, сағынамын, Жеткізе алмай соны сарыламын. Есейіп кетсемдағы мейлі тіпті, «мамам»-ның татайыншы тағы дәмін. Шеше! Есіңде бар ма сол кез өткендегі, Өмірдің бала күнгі өткелдері. Бүгінгі жігіт күнге өткен күнім, Шешемнің маңдайымен төккен тері! Шешем ғой, ол ардақты менің шешем, Өмірде алтын құрсақ, көңілде есен. Жарты жанын жырып кеп ұстатса да, « Әкеңе тарттың» дейтін тегінде сен Шеше! Шыдашы! Мені өзіңді бақытты етем, Күтіп тұр жарық шашар жақұт мекен. Таңертең күнің болам ал, кешкісін, Көзі іліп аласа екен деп батып кетем... 07,08,2014 Алматы



Бөлісу: