Сіз білмейтін 1000 таңғажайып факты #2

Сіз білмейтін 1000 таңғажайып факты #2
жеке
блог

          Көктемгі көңіл-күй қалай, достар? Сіз білмейтін 1000 таңғажайып фактының жалғасын оқып көрейік, қане: 

1. Өрмекшілер күн сайын таңертеңгілік өзінің тоқыған өрмегін жеп қойып, қайта тоқып шығады екен.

2. Үнді пілдерінде жүктілік мерзімі 25 айға дейін жалғасады екен.

3. Акулалар барлық заттарды жейді екен. Олардың асқазанынан қайық сынықтары, автомобиль дөңгелектеріне дейін табылған екен.

4. Жарқанаттар ауырып ұша алмай қалса, оны көршілері тамақтандырады екен.

5. Акулалардың кейбір түрлерінің эмбриондары анасының жатырында бір-бірімен күреседі екен. Жеңіске жетіп, қалғандарын жеп қойғаны жарық дүние есігін ашады.

6.  37037 санын 1-ден 9-ға дейінгі кез келген санға көбейтіп, шыққан санды 3-ке көбейтіп қараңыз. 

7. АҚШ-тан гөрі Қытайда ағылшынша сөйлейтін адамдар көп.

8. Соңғы 125 жылда Ауғанстан туын 23 рет ауыстырған екен.

9. 18 миллион халқы бар Каир елінде 2009 жылы бар болғаны 10 бағдаршам жұмыс істеген екен.

10. Арыстан 30-дан астам елдің мемлекеттік нышаны болып табылады екен.

Әзірге осы. Жалғасын күтіңіздер...

http://massaget.kz/blog/10675