Сүйем сені

Махаббат бізге сәуле төге білді,
Барша ару алса екен сенен үлгі.
Қылығыңа тәнті боп жап-жас өрен 
Алқа етіп өзіңе өлең ілді.

Көз ала алмай сүйкімді қылығыңнан,
Назыңнан талай мәрте сыр ұғынғам.
Тапты білем расында мойындаймын
Жалғыз сенен жаным-ау ғұмырым мән.

Сен дегенде бұл кеуде бөгелмеген,
Жыр арнайды өзіңе өнерлі өрен.
Сүйкімдіме, сырымды ақтарайын,
Жазып жатқан бүгінгі өлеңменен.

Кетпейсің неге екенін мүлде есімнен,
Ай сәулелі жүзіңнен жыр көшіргем.
Өзіңе ғашық болған күннен бастап,
Келемін ғажайып бір күй кешумен.

Сен болмасаң мұң басар жиі еңсені,
Өзің боп алдың білем күй өлшемі.
Жүрегімнің түбіне сақтап алып
Ақ періштем мәңгіге сүйем сені!



Бөлісу: