Қолымды жібермеші. . . . .
блог
Массагетке кіргеннен бері үш жазба жазыппын. Түсінбегендер көп. Тек Гулжан Серік, "қандай сыршыл жазба" деп, мені түсінгендей болды. Айбек Шагатаев "шытырман оқиғалы фильмдегідей болды ғой"-десе де, өмірде мұндай кездесулер болатынына сеніп еді. Төртінші жазбамды түсіну үшін, алдыңғыларын оқыңыздар.(жарнама емес)
өткенде онымен агентте жазыстым. Шыдай алмадым. Онлайн екенін көрдім де қуандым. "Қайтып келші, сены әлі ұмытпадым"-дегім келді. Өзімді дереу тоқтаттым. Арамызда ештеме болған да емес. Өзім ғой ойдан қиялдап жүрген. Шыдай алмадым. Ақыры, "салем"-деп бастадым. Көп күттім жауабын. Он бес минуттан соң, жазды-ау "салем"-деп. Жүрегім дүрсілдеп, қобалжып кеттім. Сондағы жазғаны сәлемі ғана. Артынша желіден шығып кетті. Мен ол үшін, елеусіз, жай біреу болғаным өкінішті. Мой мир желісіндегі, парақшасына жиі кірем. Жазған блоктарын, басқан лайктарын таңырқап қараймын. Кеше түнде "қолымды жібермеші"-деп жазыпты. Кімге екенін қайдам, мен өзімше қиялдап, өзімше түсіндім.
Артынша, "барінен шаршадым" деп жазды. Мен оған не болғанын түсіне алмай, әлекпін. Көз ілгенше ойлаумен болдым. Ол неге өкпелі, кім реніжтті оны????? Тәтті ұйқыдан, телефонымның жағымды әуені оятты. Өз көзіме өзім сенбедім. Ол маған қоңырау шалып жатыр. "А л о о" дедім, ештемені сездірмей. "Қайдасың?"-деді бірден. "Үиде". "Қолың боспа, сыртта жүріп қайтайық"-деді. Күн жексенбі. Сағат он екіден асқан. Біледі ол, менің күн тәртібімді. Алты күн жұмыс, бір күн түске дейін ұйқы. Әлі ұмытпапты. Сол саябақта екеуміз жүріп келеміз. Ананы, мынаны сөз қылып. Өзі жайында ештеме айтпайды, мені сөйлетіп, менен сұрап. Іштей сезем, қыйналып жүргеніңді. Сенбеймін, "менде бәрі жақсы"-дегеніңе. Өткен жылы дел осылай болған, кездейсоқ кездесуіміз. Есесіне мен қыйналдым. Ол кезде күз еді ғой. Ал бүгін, көктемнің алғашқы күндерінің бірі.
Қолынан ұстадым да, түсінбей маған қараған көзіне қарап, "қолымды жібермеші"-дедім. Жымиды.