ЭСТАФЕТА!!! Қазақшасы қалай?

ЭСТАФЕТА!!! Қазақшасы қалай?
жеке
блог

 

Білмеймін, кешеден бері еш құлық жоқ жазба жазып, пікір жазуға. Бірақ оқып жүрмін. Көктем әсер етіп жатыр-ау деймін. Арайлым Смағұл эстафета таяқшасын ұсынған екен сол міндетімнен құтылайын енді жазып. Жағдайыма қарайтын болсам, созып жүріп алатын түрім бар.

 

1.Брело́к – сәнтұмар немесе сәндік тұмар

2.Укол – екпе

3.Руль – тізгін.

4.Чехол – Қорамсақ десек қалай болады?! Қорамсақ- жебе салатын қап.  Ертеде, матадан, жұмсақ былғарыдан, көне теріден жасалынып, беттерін ою-өрнекпен, оюланған металл жапсырмалармен әшекейлеген. Мағынасы келетін сияқты. Айтуға ерсі бірақ. Несі бар чехолды да қабылдадық қой.

5. Вахта – ? миым жетпей қойды. Ойланғым келіп тұрған жоқ.

 

 Эстафетаны Жалғас Ертайға беремін. Арайка, көп рақмет. Сеніміңді ақтамадым енді кешірш.