«Өмір тым қарапайым нәрсе, оны күрделендіретін өзіміз»

«Өмір тым қарапайым нәрсе, оны күрделендіретін өзіміз»
жеке
блог

Адамның мұңданып, мұңға ерік беруі жиі болып жатады. Онсыз өмір де мүмкін емес. Бәлки, адам өз жанын қинаған ащы мұңнан бір тәттілік іздейтін болар. Ол мұңын,  өз қайғысын ойлаған сайын, өткен күнін көз алдынан өткізген сайын әр дүниенің қасиетін ұға түсетін шығар...  Біз қадіріне жетіп,  бағаламаған дүниеміз қаншама...  Кейде ойлаймыз, «неге сол кезде солай жасамадым, неге оған бар шындықты айтпадым» деп, өкінішті сәттерді ойлап, қынжыламыз. Бірақ, сонша қиналып, ойланудың керегі бар ма? «Өткенге өкінбе» деген ғой, ия, өкінгеннен гөрі сол қателіктен сабақ алып, алдағы өмірімізді, болашағымызды дұрыс қалыптастыруды ойлағанымыз жөн. «Өмір тым қарапайым нәрсе, оны күрделендіретін өзіміз» деп ұлы ойшыл Конфуцийдің  айтқан сөзінде үлкен мағына бар. Ойлап қараңызшы, басыңызға келген аз ғана мұң мен қиындыққа сонша ойланасыз, күйіп-пісіп, бітпестей көрінесіз, барша дүниеге, адамдарға деген сеніміңіз жоғалады. Бітті, бәрі қараң қалды!  Үміт үзілді... Ертеңгі күн жоқ! Менің ешқашан жолым болмайды! Тағы да сәтсіздік!  Frown


 Құрсыншы бәрі, өмір – керемет қой! Сіздің бүгінгі қателігіңізді жөндеу үшін тағы бір күн берілді...  Уайым жемеңіз, алға ұмтылыңыз! Бүгін ертеңгі күніңізді, жасайтын шаруаларыңызды,  баратын жер, болатын кездесулеріңізді ойлаңыз, және, ертең барлығын жаңа адам болып бастаңыз! Жаңа адам! Ия, өзіңізді барлық артық заттардан, ойлардан арылыңыз, керек десеңіз, күнде қолданыста жүрген заттарыңызды жаңасына ауыстырып, бөлмеңіздегі жиһаздардың орнын ауыстырып тастаңыз, психологиялық  көмегі зор! ;)

Ертең көктем!!! Бүгін суық қыстың, ызғарлы мезгілдің соңғы күні, мейлі қыс көрпесін жамылып жата берсін, ал сіз жаныңыздың қалың мұңын шешіп тастаңыз да, жап-жаңа түрлі-түсті қиял мен мақсаттарды жамылып алыңыз!  Алға қарай жүріңіз! Ұмтылыңыз! Жетіңіз! Өмір ғажап!!!