Бұйырмаған гүл

Бұйырмаған гүл
жеке
блог

Кеше кеш келе төсегіне құлай салған Айсұлуды безілдеген қол телефоны үні оятты. Еріне ғана есінеп құлағына тосты:

- Алло.

- Сағат он екіде сені «Романтика» кафесінің алдында күтемін, кеш қалма. Достарымда қыздарын сол жерде құттықтайды екен, бәріміз бір жерде боламыз, саған ұнайды деп сенемін, - Шыңғыстың бұл соңғы сөзі екенін сол сәтте Айсұлу сезінбеген де болар.

 

***

Айсұлу әдетте еш жерге ерте бармаушы еді. Бұл күні өзіне не болғанын өзі де білмейді, бәлкім Шыңғысты құлай сүйгендігі үшін де жүрегі қынына сыймай тұрғандай. Жақында оның өзіне үйленетінін, бойына біте бастаған сәбиі үшін де енді алаңдамайтынын ойлағанда Шыңғыс оның көзіне өзгеше бір құтқарушы алып батырдай елестейтін.

Кафе алдында сағатына бір қарап келесі көшеге көз тастаған Айсұлу жолдың қарсы бетінде құшағы өзінің ең сүйікті раушан гүліне толған Шыңғыстың осылай жүгіріп келе жатқанын көрді. Көлік арпалысқан алып қаланың сол жолында жүйіткі келе жатқан көліктің оның көз алдынан жоғары жылдамдықта оза өткенін, көлік соққысынан ұшқан гүл өз алдына келі түскенін ғана байқап үлгерді.

- Шыңғыс, осылай бар даусымен сүйіктісінің есімін айқайлай айтқан Айсұлу талқысып құлап бара жатты.

 

***

Бүгін сегізінші наурыз. Қолында гүл шоғын ұстаған ана мен бала қабір басында тұр. Тілі енді ғана шыға бастаған сәби анасына қарай бірнемелерді айтқысы келетін сияқты. Ананың болса қос жанары қабір тасында, көз жасы мөлдіреп бетін жуып барады... .