Ардақ

   Шығарманы оқу бір басқа, одан әсер алу бір басқа. Өйткені, кітапты бәрі де оқиды, бірақ оқыған жандардың барлығы да бірдей әсерге бөленбейді. Дүниеде қанша адам болса, сонша қабылдау. Сол сияқты менің де өз түйгенім, өз әсерім бар. Оралхан Бөкейдің «Ардақ» әңгімесінен алынған әдемі ойлар:

*Өксіп-өксіп ұзақ жылағысы келетіні, ет-бауыр шешесін сағынғанда, басына қиын-қыстау кезең туғанда ақыл сұрап сырласқысы келгені де.

*Кісі өлімі – тіріге сын, арулап, ардақтап қойды дегендері – адамдардың көп-аз жиналғанына себепті.

*Қалың жамиғаттан бір уыс топырақ бұйырмаған соң – басқа біткен ырзықтың молдығынан не пайда.

*Ананың асылдығы тірі кезінде білінбейді екен. Кімнің болсын, көзі тірісінде кәдірі болмайды ғой.

*Көкірегін шоқтай қырып жүрген ыстық өкініш бар, оны сумен де, умен де сөндіре алмайды.

*Артымызға қарамай, басымыздан сөз асырмайтын намысшылмыз...

*Тіріде сыйласпаған, өлгенде жыласпайды деген тегі рас та.

*...тағы да жалғыз, мүлдем жалғыз қалған еді.

*Ол тұңғыш рет әлсіздіктің бар дерті: - жалғыз жанашырсыз қалуда екенін зерделеді. Ол тұңғыш рет ананың не себептен ардақты, салқар да шалқымалы айдандай айбарлы екенін ұғып, ана жүрегінің зар-запыранын еншіледі. Ол өз шешесін биіктен көрді. Қайран ана, жаны недеген берік еді. Сәбиді дүниеге келтіруден – Ақшоқыны аунатып жіберу әлдеқайда оңай шығар!



Бөлісу: