Қызғаныш деген-кәрі ит....

   Дана ойшылымыз Мұхтар Әуезов "Тозақтан бетер-қызғаныш" депті.Бүгінгі менің мақаламның тақырыбы да осы қызғанышқа арналмақ.Қызғаныш деген қайдан туады деген сұраққа жауап беріп көрейікші.

  Қызғаныш сезімі - баланы кішкентай кезінде ата-анасының басқа баламен салыстырғаннан басталады екен."Пәленшенің баласы андай,сен мындайсың" деген сөзден ең алдымен балада көреалмаушылық пайда болып,бара-бара қызғанышқа айналады екен.Ал қызғаныш дегеніміз-үнемі өзіңді біреумен салыстырып өмір сүру.Қызғаныш өз құндылығыңды жоғалту.Бірақ қызғаншақтық сезім ең алдымен адам денсаулығына зиян.Жүрек ауруы,қан қысымы,жүйке ауруларын туғызатыны бесененден белгілі.Себебі үнемі қызғаныш сезімімен өмір сүретін адам ештеңеге көңілі толмай,шатынап,айтқан сөзіңді де,ісіңді де жақтырмай жүреді.Шыны керек ондай адамды бақытты деп айту қиынырақ.Себебі үнемі жанындағы адаммен өзін салыстырып,ол адамның барын қызғанып жүріп өз өмірінің қалай өтіп кететінін байқамай қалады,әрі бұндай адамдар жауыздыққа бейім болады екен.Бірақ психолог мамандар қызғаныштың да жақсы жері бар екенін айтады.Қызғаныш негізі бәсекеден тұрады.Мысалы: "пәленшенің үйі қандай керемет,бірақ мен одан да керемет етіп тұрғызамын.","ананың баласы Парижде оқитын болыпты,менікі Америкада оқитын болады." Міне бәсеке,ал бәсекеден адам өз-өзін қайрап,жетілдіріп отырады екен.

Бәрімізге белгілі орыстарда "белая зависть" деген ұғым қалыптасқан.Яғни мен оны қызғанбаймын,қызығамын деген сылтау.Не болса да қызғаныштың опа таптырмасы анық.


                             Жұрт айтыпты қызғаныш былық-қылық,

                             Былықтығын өздері біліп тұрып.

                             Өрге бір жан көтеріліп бара жатса 

                             Аяғынан шалады күліп тұрып.

           

                             Бір тырнағын ішіне жасырып ап

                             Қулықтығын іске оңай асырып ап

                             Жүреді түк білмеген мысықтай боп

                             Берекесін бар жұрттың қашырып-ап....

деген өлең жолдары миыма келді қызғаныш дегенде.Алайда ағайын,қызғанбай-ақ өмір сүруге болады ғой.Керісінше,қасыңдағы адамның жетістігіне қуана білсек нұр үстіне,нұр болып,бізден асқан керемет ел болмас еді..Әй бірақ,қайдам...Қазақтың қанына сіңген әдет қой бұл қызғаныш деген ит...Ауру қалса да,әдет қалмайды...!



Бөлісу: