Shymkent Table Tennis Open 2014 теннис турнирі

 21 ақпан күні «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында жастар арасында үстел теннисінен «Shymkent Table Tennis Open – 2014» турнирі өткен болатын.

Турнирге университеттер мен колледждерден 60-қа жуық студенттер қатысты. Турнир еркін форматта болғандықтан ба,ұйымдастырушылардың жоғары деңгейде көрсеткен қызметінен бе өте қызықты,жоғарғы деңгейде  өтті.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Жас Отан» ЖҚ Кубогымен және Алғыс хаттармен,естелік заттармен марапатталды. 

Ерлер арасында: Алтай Азамат, Тұрғын Бақытжан, Ассанди Аят деген азаматтар орындарға ие болып, тәжірбиесін арттырды.
Ал қыздар арасында: Эшанкулова Мухтабар, Әбдіраш Айсана, Абдрахманова Алима сынды қыздар өзгелерге үлгі болып, жеңіс туын желбіретті.

Меніңше мұндай іс-шаралар жиі, әрі кең көлемде өтуілуі керек. Солай біз бұхаралық спортты дамытамыз деп ойлаймын. 



Бөлісу: