Сауатсыз болма)

Депозитке ақша құяйын деп банкке бардым. Бұл банкте өткен аптағы Каспий банктің жағдайындай ұзын-сонар кезек жоқ. Сондықтан да ешкімге қарамай-ақ, электронды кезек нөмерін алып, шаруаңды атқарасың. Менің алдымда төрт кісі бар екен. Содан бос орынға жайғасып, кезегімді күтіп отырдым. Бір кезде касса жақтан бір әйелдің дауысы шыр ете қалды. Банкте отырғандардың барлығының дерлік назары кассаға қарай ауды. Күзет қызметшісі де, бас маман да сол жаққа жетіп барды. Шу болып кетті. Біразға дейін басылмады. Сөйтсек, кассадағы жігіт үлкен қателік жасапты. Анау әйел 67 мың кредит төлеу керек екен, ал кассир оны 67 млн деп артық нөлдерді тіркеп жіберіпті. Айқай-шу немен аяқталғаны белгісіз, мен шаруаларымды атқарып кете бардым. 

Сосын ойланып қарасам, барлығына анау кассир кінәлі ғой. Бәлкім, сауатсыз, бәлкім, байқамай қалды, бәлкім, техникалық қателік жіберді. Ал шыр ете қалған әйелдің не кінәсі бар?! Байқұс біреудің кесірінен сондай түсініксіз жағдайға тап болды. 

Негізі мұндай жағдайлар өмірде көптеп кездеседі. Соларды білуімше, тізіп шығайын.

Осыдан үш жыл бұрын Қарағандыда бір жағдай болды. Қала тұрғыны Светлана Попова халыққа қызмет көрсеуге барып, анықтама алган кезде үш жасар қызының туған жылын 1907 жыл деп көрсетілгенін байкайды. Қызынын 103 жастағы адамға қалай айналып кеткенін өзі де білмейді. Бәрі де құжат толтырған жандардың кінәсі.

Араласып журген бір үлкен апа бар. Сол апа туылған күнінің нақты қай күн екенін білмейді. Әйтеуір, қар еріп жатқанда, ақпан соңында, наурыз басында дүниеге келгенін үлкен кісілерден естігені бар. О кезде ата-атасы туу туралы куәлік алуға да асықпаған. Кейін өсіп, өзі құжаттарын жасату үшін барғанда бар білетін айтқан. Сөйтсе, қағаз толтырған кісі апаның туылған күнін жер аунап түссе де бір келмейтін 30 ақпан деген күнді жазып қойыпты=)))))))))))) 

Ал мына оқиғаны маған айтып берген. Кеңес Одағындағы паспорттарды жана үлгідегі қазақстандық төлқұжатқа ауыстырған кезде Тілеуқабыл деген кісінің есімін Телекабель деп жазып койған екен))))))))))))))))

Кіші әкемнің қызынын туу туралы куәлігінде туған жылының орнына ата-анасының неке куәлігіне карап, неке киған жылды жазып койыпты. Сіңлім 16-ға толғанда, алты айға дейін төлқұжат ала алмай жүрді. Бұл да бір сауатсыздың кесірі))))))))


Әрине, түсінемін, қателеспейтін жан жоқ. Бірақ, толтырып жаткан дүниеге улкен жауапкершілікпен қарау керек қой.



Бөлісу: