ЕҰУ - менің таңдауым!!!

Менің таңдауым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті! Неге дейсіз бе??
Себебі ЕҰУ - жоғарғы санатты оқу орны. Мұнда керемет ұстаздар мен атағы төрткүл дүниеге танымал профессор оқытушылар дәріс береді. Жастардың еркін білім алып, білімін жетілдіруі жолында барлық жағдай жасалған. Студенттері шетінен өнерлі, білімпаз келетін бұл жоғарғы оқу орны Қазақстандағы №1 оқу ордасы болып саналады. Бұл мекен жастардың арманы жүзеге асатын ғажайып орта.
QS World University Rankings халықаралық рейтингтің нәтижелері бойынша ЕҰУ университеті әлемнің ең үздік 450 университеттері қатарына енді. Сондай-ақ 2012 жылы Қазақстанның ең үздік университеті. Тек 2011 жылдың өзінде 1000-нан аса "Алтын белгі" иегерлері, республикалық пәндік олимпиада мен ғылыми жоба жүлдегерлері аталған оқу орынның студенті атанған болатын. Жақында «Quacquarelli Symonds» (QS) халықаралық компаниясы ашылғанына 50 жыл толмаған әлемнің үздік жоғары оқу орындары арасында «QS Top 50 Under 50» деген жаңа рейтингісін жариялады. Соның қорытысындысы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 32-орынға тұрақтады. Аталмыш рейтингке ТМД-ның бір де бір университеті ілікпеген. Бұл оқу орны өзіндік қырымен танылған, әлем мойындаған жоғарғы оқу орны. Ендеше, менің таңдауым орынды!



Бөлісу: