Ойымда пікір көп еді жазатұғын...

Ойымда пікір көп еді жазатұғын... Менің Масагеттегі бірінші пікірім осы болғай...

Өткен демалыстағы, Алматы қаласындағы, девальвацияға қарсы миттингті айтам (іш киімдерге қатысым жоқ)))... Кімннің басына келген ой дейм да?! Түсінем қарапайым халық ашуға булықты. Еліміздегі, әсіресе Алматы қаласындағы әмбебап базарды от құшуы тағы да басқа мәселелер ел ағалары тарапынан, Елбасы тарапынан пікірсіз қалды. Біреулер жауап бермеді деп те айтып жатыр(керек болса кез-келген мәселеге жауап берері хақ). Жалпы көп түйткілдер жұмбақ күйде қалды.  Бірақ... онсызда үлкен сұрақ алдында тұрған жайымыз бар, мемлекет болып қалу жағдайы... Ұлы мәртебелі Ханымыз тақтант кетсе... Назарбаев кетсін деп арыстандай ауызын ашып айқайлағандар не сасқаны? Белсенділерін әскерилер қолдарын қайырып әкетіп жатты, күш қолданды Қазақстан Қарулы Күштері тарапынан. Бұйрық берілсе,сарбаз үшін командир бұйрығын орындау абырой, ат десе ойланбастан ата салар! Кеше ғана өткен сайлауда Елбасына дауыс беріп, 90 пайыздан аса дауыс жинағанда қуанғандардың ішінде өзі де бар шығар, сірә... Алдымен болған жағдайды дұрыстап түсініп алу керек шығар, Ұлттық банк неге мүндай қадамға барғанын. Оның тоқтерін жете түсінсек, бүл қадамда тұрған ешқандай нарықтық экономикаға қарсы заң жоқ. Ең бастысы болар іс болды, Ұлттық қазына жағдайы жақсы, енді әдеттегідей зардап шеккендерге асарласу операциясы жүзеге асады.

Сөздің соңында айтарым, достар, замандастар миттингтің көкесі осы екен, елім үшін деп ат-тонымызды ала сап алаңға шабудың қажеті жоқ. Әрине, Ұлттық мүдде тұрса басқа әңгіме, ал қазір барынша сақ болу керек. Біздің әр-қадамды аңдып, қай жерден шалынар екен деп арамызға іріткі салып отырған тұлғалар да, тұтас бір державалар да жетерлік. Қараңғы қазақ емеспіз, аталар өлең жолдарына қосқан, тіпті тәуелсіз елдің ұрпақтары дегенді де қоспай айтайықшы, 21 ғасырдағы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік Қазақстан Республикасының азаматтарымыз. Мақсатымыз айқын, жолымызды көрсетіп берді. Қателесуге мүмкіндік жоқ! Әр азамат өз тірлігін жетік менгеріп, жақсы маман бола білсе, уақытша дағдарыстан шығу жолдары көп!



Бөлісу: