Менің қуанышты күнім!

Алақай!Менің туған күнім!13-ке толғалы жатырмын.Алғашқы мүшел жасым.Қуанышымда шек жоқ.

Ылғи туған күнімде мұнша қуанбаушы едім.Барлығы да маған енді сен өстің деп жатыр.

Өскен болғансын-ақ түрлі талаптар қойылып жатыр.Олардың да айтқаны дұрыс болар.

Мүшел жасымды Массагет сайтымен бірге қарсы алып жатырмын.Сіздерге көп рахмет.Осы күнге дейін қателерімді түзеп,пікір айта білдіңіздер.

Жанашыр болдыңыздар.Сол үшін сіздерге айтар алғысым шексіз.

Болашақта да маған бағыт-бағдар берерсіздер деп үміттенем.Мен сіздерді жақсы көрем.

Рас айтам.Сіздер менің бауырларымсыздай.

Қазақ тіліне,әдебиетіне қосып жатқан да үлестеріңіз зор.Келешекте аттарыңыз қалып,бейбіт,болашақ,бақытты елдің тарих беттерінде алтын әріппен қаласыздар деп үміттенемін.

Мен сіздерді қатты-қатты жақсы көрем!

     



Бөлісу: