Қысқы спортқа қаншалықты қызығасыз?

Қысқы спортқа қаншалықты қызығасыз?
жеке
блог

   Төрт жылда бір келетін, жазғы олимпияда басталысымен, барлық тұрғындар көк жәшікке үңілумен болады.  Ешкімге естілмесе де, көрген спортынан ләззат алып, айызы қанғанша айқайлап, айырықша қолдау білдіреді. Өйткені, ел қоржынына түсетін медальдар да жанкүйерлерге біраз сүйіспеншілік сыйлайды.Және біздің спортшыларымыз, көптеген мемлекеттер арасынан арпалысып, өз орнын сақтап қалуға тырысады. Қазіргі кезде әрбір олимпиядадан, кем дегенде екі алтынсыз оралмайды, күміспен қоланы, былай қойғанда.

(Фото:google.kz алынған)

Олимпияда ойындары болыпжатқан мемлекетке еліміздің көкбайрағын желбіретіп, жанкүйер болып барған бауырларымыз, жерлестерімізге басқа елде дем беріп, демеп жүреді.

(Фото:google.kz алынған)

Ал қысқы спорт қатты қызығушылық танытпағансоң ба, әлде енді ғана етек жеңін жиып қолға ала бастағаннан кейін бе, бұл спортты көп адам айызы қанып көре бермейді. Қысқы спорт түрлерінің заңдары жаттауға қиын арифметка іспетті. Биыл Сочиден бір қола медаль бар. Бәріміз ел болып, арна, ғаламтор болып бір шулап алдық. Енді мәнерлеп сырғанауды басты назарда ұстаймыз деген, сөздер де шығып жатыр, қысқы спорт төрайымдарынан. Әй, осы біз қазақ, неге бір рет жасаған нәрсеге бар ынта жігермен кірісіп кетеміз. Болмаса келесі Олимпиядаға тек қана мәнерлеп сырғанаудан қырық спортшы апаруға дайындаламыз ба?  Әрине медаль алған керемет қой, бірақ медаль алды деп бір сарынға кете бермейікші.

(фото: www.eurosport.ru алынған)

 

П-сы: Спорттың барлық түрне көңілді бірдей бөліңіздер. Мысалы еліміздің қазіргі күнде хоккейі, жақсы жолға қойылып келе жатыр, шорт трегі үздіктер қатарынан көріне білуде, Хрусталева шаңғымен сырғанап, Ванкуверде талайды шаң қаптырған, осы сияқты көптеген спорттан жетістікке жетер спортшылар бар, бірақ бәрін бірдей көріп, бірдей жағдай жасаса, тіптен керемет болар еді. Өйткені бір үйдің балалары, әр түрлі жаста болғанымен,бір дастарханнан дәм татады.


(фото: sport.nur.kz алынған)

(фото: sport.mail.ru алынған)