Өзге елге күліп жүрсем, өз елім қатырды!

Өзге елге күліп жүрсем, өз елім қатырды!
жеке
блог

Осыдан бір-екі жыл бұрын дүние жүзі елдерінің ойға сыйымсыз заңдарын оқығанда, жағамды ұстап немесе мазақ қылып күліп жатушы едім. Енді, күні-кеше шыққан шолақ дамбалға қатысты заңымызға айтар сөзім де, ұстар бетім де жоқ. Талай ұлы саясаткер атанып кеткен мықтылардың заң туралы айтқан нақыл сөздерін оқысаңыз, заң ақыл мен логикаға, өмір ағысына сүйене отырып жасалатын керемет күш. Заң- адам құқығының тапталмауына негізделеді десек, адам өмірінің жеке басына шолақ дамбалдың, мемлекет аралық бақылауға ұшырағаны қалай болмақ?! Сіздерге заңымыздың қаншалықты кейбір әлем елдерінің ақымақ заңдарынан асып кете қоймағына дәлел ретінде келтірілген мысалдарыма зер салыңыз.

Қытай: Суға батып бара жатқан адамды құтқаруға болмайды. Себебі, бұл- оның өміріне қол сұғушылық болып табылады.

Үндістан: Сиырдың артынан қалған көңді жинаған адамның қолын шауып тастайды екен.

Араб елдерінде: Әйел адамға дәрігер болуға болмайды.

АҚШ, Урбана: Құбыжықтарға қала ішіне кіруге тыйым салынған.

АҚШ, Нью-Йорк: Нью-Йорк маңындағы Кармеле қалашығында  пиджагы мен шалбары үйлеспеген ер адамға көшеге шығуға рұқсат берілмеген.

Норвегия: Лонгийрбюен қаласында өлуге болмайды.

Тайланд: Үйден шолақ  дамбалсыз шығуға болмайды.

Осы сияқты заңдар қатарына бізде қосылдық. Қазақстан: Шілтері шолақ дамбалдар сатылмайды. Себебі, солай деп Ресей шешті. Еуразиялық Кеден Одағына мүше болғанымыз, тек атымыз ғана  Қазақстан болып қалуына алып келетін жолдың бірі болмақ. Ең аяныштысы, ұзақ жылдар бойы Ресейдің отарынан азат етіліп, тәуелсіздігіміз үшін күрескен қаншама қаны мен терін төккен азаматтарымыздың қалағаны осы болды ма?! Айналып келіп, тағыда Ресейдің айтқанынан шықпай қалар түріміз мынау.

(Сурет news.gazeta.kz сайтынан алынды)