Шын махаббат дегеніміз не?

Шын махаббат дегеніміз не?

                Шын махаббат ол тек қиял мен фантазия емес. Шын махаббат деген өз жарыңды күту. Шын махаббат деген өз жарыңа берік болу. Шын махаббат ешқашан таусылмайды. Шын махаббат барлығынан қорғайды, үміт береді, бәрін шыдайды. Қуаныш пен қайғыда, ауру мен амандықта ешқайда кетпиді. Шын махаббат өмірде бір ақ рет болады. Бізге керектің бәрі – махаббат.

                Әрбір адам өмірінде шынайы махабатты тапқысы келеді. Оны тапқан соң, сол әсем сезім мәнгіге созылса екен дейді. Барлық адамзат, Шығыста болсын, Батыста болсын, махаббаттың мәнгілік болуын тілейді. Мысалы Батыстың Ромео мен Джульетасы, Шығыстың Лейла мен Меджнуні, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуы. Шын махаббат омір бойы болуы керек. Неге олай?

                Бірінші себеп: өкінішке орай, адам өмірі қысқа. Өз уақытыңды сүймейтін адамға арнау өте өкінішті. Осындай ғажайып және сұлу сезім біздің өмірімізге көктем алып келеді. Біз өз сүйіктіміздің қасында болсақ өзімізді жеңіл, көңілді, бақытты сезінеміз. Өткен шаққа өкініп, келер шаққа алаңдай бермей, бәрін ұмытып осы шақпен өмір сүре бастаймыз және жарыңмен өтккізген уақытпен рахаттанамыз. Сонымен қатар, қасыңдағы жарың сені әрқашан қолдап, күш-жігер беріп, берік болып, махаббатына бөлесе, осы өмірдің барлық қиындықтарынан өтіп өз мақсаттарыңа жетесін. Екінші себеп: шын махаббат неке тұрмысты ұзақ және үйлесімді қылады. Сондай отбасында өскен балалар бақытты болады. Өз ата-анасынан сүйспеншіліктті үйренеді.  Сондықтан, махаббат деген ғажайып нәрсе іздеуге және күтуге лайық.



Бөлісу: