Қазақ газеттері қайдасың?!

Бүгін ХХІ ғасыр, ақпараттық технологияның дамыған уақыты. Кітапхана, кітаптар мен газет-журналдарды ғаламтордың алмастырған кезі. Кітапханаға бармай-ақ сабаққа дайындалып, жаңалықтарға көшеге шықпай-ақ біліп жүресің. Керемет. Алайда, мен үшін емес. Мен кітапты, газетті қолыма ұстап тұрып оқығанды жақсы көремін. Үзбей киоскілерге барып, "Ана тілі" мен "Қазақ әдебиетін" алып оқып жүремін.

Тек... Өткен аптада құрбым "Ана тілін саған әкелейін дегем, еш жерден таба алмадым" деді. Қызық, үнемі алып жүретін киоскілерде табылмағанына таң қалдым. Бірде "Егемен Қазақстан" мен "Айқын" газетін сабаққа қажет болған соң сатып алуға барсам, киоскілердің ешбірінде "Жоқ". Киоскі сатушыларының бірі "Айқын" газеті Астанаға көшіп кетті" деді, ал "Егемен Қазақстан" газетін тек пошта арқылы жаздырып алу қажет екен. Бүгін, міне, "Ана тілі"... Қазақ газеттері жойылып бара жатыр ма сонда, түсінбедім.

Киоскілердің бәрінде орыс тілінде жарық көретін газеттер тұнып тұр. Қазақ жерінде қазақ тілді газеттер неге сатылмайды? Қазақ газеттеріне сұраныс жоқ па?

Сонау "Қазақ" газетінің ізін жалғап жүрген Алашымыздың газет-журналдары жергілікті киоскілерден неге табылмайды?!



Бөлісу: