Массагет жазбалары

Массагет жазбалары
жеке
блог

Бірнеше күн бұрын колледж газетін алдық. «Өз елім» газетінің мерейтойлы жүзінші нөмірі шығыпты, онымен қоса он бірінші нөмірі де таратылды. Сабақ үстінде іш пысып газетті бір шолып шықтым, дым қызық емес болды (өз басым газет атаулыны оқымайтынмын).  Үйдегілерге колледждің газеті, қызық болса оқырсыңдар деп әкелдім. Бүгін кешке жақын үйге келсем, ата-анам сен «Тесік шелек» деген мақала жазыпсың ғой я? деп сұрады. Қой мен жазған жоқпын. Қандай мақала тағы? деп тұрмын. Сөйтсем, 1 қыркүйек күнгі «Тесік шелек» деген жазбам газет бетіне түсіріліп, «Өз елімнің» үздік жарияланымдарында 52 орында тұр. 

1

 

2

3

 

4

 

5

 

6

Осыған қарағанда, бұл жазба газеттің бұрынғы сандарында жарияланған болар мүмкін. Қызық болды)) Онымен қоса Анар мен Ай-керім тәтелерімнің жазбаларын көріп төбем көкке жеткендей болды. Алғаш рет массагеттегі жазбаларды газеттен тамашалап тұрмын, бұл мен үшін ерекше сезім болды)) Анар тәтенің жазбасын көргеннен кейін мамама жүгіріп барып, «мама білесің ба маған массагеттен клип аударуға  көмектесіп жүрген тәте ғой, бұл соның жазбасы, атын көрдің ба? Бұл статьялар массагеттен алынған» деп қуаныыып кеттім. Осыдан кейін газетті массагеттің жазбалары бар ма, таныс есімдер бар ма деп газетті мұқият қарайтын боламын Foot in mouth