Кітап оқу

 Кітап оқығанды бала күнімнен жақсы көремін. Мектепке бармай тұрып "Қан мен терді" оқып шыққнымда әкем марқұм таң қалып еді. "Осы ұлдан бірдеме шығады,жазушы болады"деп қуанған еді. Оқуға келгенде, басқа балалар әріп үйреніп жатқанда мен әліппенің артындағы әңгімелерді оқып отыратынмын. "Пысықтау оқу анасы" деп апайымыз мені ұялтқаны бар. Содан бері оқуға қатысып отыратын болдым. 

   Оқуға берілгенім соншалық,басқа балалар сяқты ойнамайтынмын. Екі көзімнің асты қап-қара болып күлтілдеп, жатып алып кітап оқи беретінмін. Әкемнің жинаған барлық кітаптарын оқып шықтым, Мектеп кітапханасындағы кітаптардың барлығын дерлік оқып шықтым, Совхоз кітапханасын тауыса алмадым. Оқуды бітіріп кеттім.

 Әр жалақымнан кем дегенде екі кітап сатып алып отыратын едім. Санасам бір машинаның бағасын шығаратын кітап жинаппын.Қазір рахат! Интернеттен оқитын болдым. Айына төрт жарым мың төлеп қойсаң болды. Бірақ қазір тек фантастикалық және фентези кітаптарды оқимын. Және орысша.Қазақшаны жек көргендіктен емес. Қазақша мен оқымаған кітаптарды интернеттен табу өте қиын. 

 Қәзір менің жасым отыз бесте. Әлі күнге дейін қолым қалт етсе кітап оқимын. Әкем қателескен екен. Мен жазушы бола алмадым. Өйткені басқалардың жазғанын оқудан қолым ти-мей-ді!



Бөлісу: