"Жылы" құшақта тамашалаған, күздің соңғы түні. . . . .

"Жылы" құшақта тамашалаған, күздің соңғы түні.  . . . .
жеке
блог

 

. . . мен ол адаммен интернет желісіндегі "агент" арқылы таныстым. Жабырқап, жаным құлазығанда, сол адам керек- ақ. Өзім жайлы: неге екенін білмеймін? үнемі бірдеме жетпей тұратын сияқты. Үиде де, жұмыста да, достарымның арасында да бәрі жақсы (кинодағадай). Тек жалғыз қалсам болды, ойым сан-саққа кетеді. Жалғыздық! Иа, ол да бар шығар менде. Мұқағали жырлағандай "Жетпейтіні жүректің әні болар, Бақыт бақтың тарыдай дәні болар. . . . Әй, қайдам, бұл өлең жолдарымен де, ішімдегі арпалысты, ұйтқып соққан желді жеткызе алмадым-ау. . . . . . Біреу керек-ақ маған.  Сол адам жайлы ойлайсың, одан хабар күтесің,  жиі-жиі жылы сөздерге толы sms жолдайсың. Ол адамнан sms келсе, жүрегін қойныңа сыймай, дүрсілдеп . . . . . . . . аспанда қалықтап, айналаңдағы болып жатқан іс-әрекеттерге мән бермейсің.  Бірақ, бұл басқа сезім. "Махаббат" деп аталады. Мендегі басқа сезім, маған керегі басқа.  Иа менде ДЕПРЕССИЯ. Қазір солай айту моды болып кетті ғой... Күз мезгілі еді.  Айнала көңілсіз,  сап-сары, мен де көңілсізбін(әдеттегідей). "Агентімді" әрі шұқылайм, бері шұқылайм. "Онлайн" болып отырғандарға маған жаза ма деп. . . . . . Статусыма ашулы белгіні  қойып, жанына "жалғыздық" деп жаздым. Жумыстан шыққам, автобуста отырмын. Уиге дейін әлі біраз жер.  Бір адам "дружба" тастады. Мен қабылдадым. БІР АДАМ: жалықтынба? МЕН: иа. БІР АДАМ: неден? МЕН: барінен. (әдетте, мұндай сатте,  ол адамның кім екеніне,  не ушын хат жазысып отырғаныңды ойламайсың. Бастысы, ол саған назар аударды). Желідегі әңгіме біразға созылды. Б.А: мен де бірінен жалықтым.  Бәрін қайта бастағым келеді . . . . . . Біз бір-бірімізді тез түсінісіп кеттік.  Соған қарағанда ол да, мен сияқты өмірге өкпелі, жүрегі жаралы. Аты жөнімізді, кайда тұратынымызды сұрасып,  телефон номер алмастық.  Мен аялдамама келдім, кешірек желіде болам, деп, агенттен шығып,  автобустан түсіп,  үйге тарттым. Түнде қоңырау шалды. Бастапқыда ашылып сөйлесе алмадык. Кейін уиренісіп кеттік.  3-4 күннен кейін, ол адамнан қоңырау күтетін болдым. Көрмесем де ол адамға бауыр басып қалдым. Бауыр басатын жөнім бар. Аз күндердің ішінде біраз тақырыптар жайында сөйлестік.Тіпті,  бүгін қандай тамақ іштің,  қандай кійім кійіп шықтың,  қандай түсті ұнатасың,  түсіңде не көрдің.  . . осылай кете берет әңгімеміз.  Біз аптаның аяғында кездесетін болдық.  Күн жексенбі. Түнімен телефонмен сөйлесіп,  ұйқыдан кеш тұрдым. Сағат 13:45. Душ қабылдадым. Ыңылдап ән де салдым.  Әңгіменің басындағыдай "түсіксіз сезімдер,  өкпелер" жоқ менде.  Бір керемет күйде едім.  Телефоныма sms келді.  БІР АДАМ: келісіп едік қой.  Сенің пәтеріңнің жанындағы кинотеатр алдындамын. Қара мерсс.  Тез шық.  Мен сасып қалдым.  Үстімді ретке келтірдім де , кинотеатрға беттедім.  Ұялып,  қысылып кинотеатрға жақындап келем. Қара мерсс көзіме бірден түсті.  Көлік терезесінен жасы 30 ға тақаған,  шашы қара қою,  қасы көзі қара,  кара торы адам, отыр деп қолымен ымдады. Отырдым. Маған қарап,  қаланың арғы шетінен, көлік кептелісімен,  әзер жеткенін айтып,  хал сұрап жатыр.  Өте салмақты,  байсалды ер азамат екен.  Қалай ұйықтадың? деді.  Мен жақсы дедім.  Ерте барғаным ұят болар , сен біраз ұйықтап алсын деп,  осы маңдағы тәтемнің үйіне кіріп шықтым деді. .( өзі сондай қамқор). Біраз әңгімелестік. Әңгімесінде , бір адамға ғашық болғанын , ол адаммен өткізген қызықты күндерін есіне алды.  Мен көзімді бір сәтке алмадым, оның мұңлы жанарынан. Ал жақсы,  кешке хабарласамыз деп,  қолын ұсынды. Мен сасып қалдым. .Қол ұстасып,  давайластық.  Қолының жылуы,  мендегі мына әлемге деген өкпенің бәрінерітіп жібергендей.     Арада бір апта өткен соң,  кездесейік дедім,  әңгіме барысында. Мен жаққа келе берш, жұмыстан кеш шықтым деді.  Мен автобусқа отырып,  ол тұратын районға жүріп кеттім.  Аялдамадан түстім де, келдім деп енді хабар берейін деп жатыр едім, көлік сигналы естілді.  Артыма қарасам,  қара мерсс. Куанып,  көлікке отырдым. "Салем" деп жымыйды. Жұмыстан шаршадым деді.  Түрі сондай аянышты.  Көп сөйлемедім. Оның жанында отырдым,  ол жүргізіп келе жатқан көлік терезесінен түнгі қаланы тамашалап. Қарап қоям оған,  ол да маған қарап,  жымыйып қояды.  Үнсіз белгісіз бағытқа кетіп барамыз.  . . . .Бір қолы рульде, бір қолымен , тіземе қойған колымнан ұстап , "сөйле , балақай" деді.  Мен үндемедім. Қаннен қаперсіз тыныштықты бұзғым келмеді.  Тізімдегі қолын алып, әуен қосты.  Қолын қайтадан менің қолымның үстіне қойды. Әуен жәй ырғақты,  мұңлы екен. Сөйлесіп,  тіл қатпасақта , дәл қазіргі сатте, оған мен, маған ол керек.  . . . . Неге бұлай  болып жатыр, бұл адам кім деген сұрақтар болды, ішімде. Жауап іздеп,  бас қатырғым келмеді.  Алаңсыз отыра бердім. Көлік жүріп келет. Қаладан шықтық.  Бәрінен қашып бара жатқандаймыз. "Қашайық" деп айтпаса да, оның қолдарынан сезіп отырмын.Қала сыртындағы паркке келіп тоқтадық. Көліктен түсіп, ағаштар арасымен жүріп келеміз. Орындыққа отырдық. Түн жарық. Оның көздері анық көрінеді. Жерде үйіліп жатқан ағаш жапырақтарына үнсіз қарап отырдық. Тондынба деп, басымды ыйығына сүйеді.  Қолымен арқамды жапты. Айнала тыныш. Естілетіні оның жүрегінің дүрсілі, жауап таппай қыйнала шығарған демі. Шамамен 10 минуттан кейін,  жапалақтап қар жауа бастады.  Үйіліп жатқан ағаш жапырақтарын, ілезде қар ұлпалары көміп тастады.  . . . . . Арада бір жыл уақыт өтті.  Менде сол бұрынғыдай күйзеліс. Ол адамды әлі ұмытпадым. Ол адам неге кабармыз кетті.  Ұмыта алмай жүрген адамымен бірге шығар.  Түсінбегенім, ол адам кім маған? Жүрегі жаралы сол адам, менен жұбаныш іздеген болар. Ол адамның жылы құшағында  тамашалаған былтырғы жылдың күзінің соңғы түні әлі де жұмбақ маған.  . . . .