Інішегім, сағындым сенііііі

Сәлеметсіздер ме?! Қалайсыздар? Көптен бері менің есіме шетінеп кеткен інім  түсіп жүр....... Ол жайлы сіздерге шер тарқатсам   деп едім. Ол осы қыс мезгілінде туған болатын. Жас сәби кезінде шетінеп кетті..... Әлі кішкентай бала болғанымен мен үшін оның орны бөлек. Оның түрін бір көрмесем де сағынамын... Ол  Астанада 2009 жылы туған болатын. Сол кезді ішім күйе есіме аламын. Тағдыр жазуына не дерсің? Бірақ оған өзіміздің де кінәміз бар сияқты. Неге десеңіздер: біз оны қатты күттік.. Алдын-ала ағам жөргектер мен киімдер сатып алып дайын жүрген болатын.. Аяқ -асты дін аман дүниеге келген інім аураханадан шықпай жатып шетінеп кетті.... Жеңгемнің жүрегі қарыс айрылды, ағамның жылағанын сонда көрдім. Сол оқиғаның жеңгеме әсер еткені соншалық жеңгем екпелер мен тыныштандыратын дәрілердің кесірінен сол жылдан екі үш жыл бұрынғы нәрселерді ұмытып қалды. Оған дейін жеңгем екеуміз соларды есімізге алушы едік. Бұл біз үшін орны толмас қателік сонымен қатар "сабақ" бола білді. Ағаларым ештеңеге асықпау керектігін түсінді. Ол ағам үшін ғана емес мен және отбасымыз үшін де сабақ болды. Бұны сіздерге неге айтып жатырмын деп ойласаңыздар: Бір жағынан шерімді тарқатсам, бір жағынан бұндай қателік жасамаңыздаршы..... Інішегім, бізді кешіршіііі Мен сені қатты сағындым.........



Бөлісу: