«Амалым қанша, ұлым үйден қуып жіберді…»
жеке
блог

«Амалым қанша, ұлым үйден қуып жіберді…»

 

 

Қазақтың қай қаласына бармағын көше бойын жағалап қайыршылар мен қанғыбастар қаптап жүреді. Орыс тілінде қайыршы және қаңғыбас сөздері синоним ретінде қолданылады. Санамызға сініп кеткен бұл ұғым біз үшін үйреншікті жағдай. Рас, қайыршылар саны күннен күнге  артып барады. Соның бір көрінісі бала мен келінге жақпай қалған ата-ана. Көше бойын жағалап алдына бір кішкене табақшасын немесе алақанын жайып телміріп тұрады. Жүрегіңіз дір етіп, аяушылық пен қарап өтіп кетесіз. Қалтаңызда аздаған тиын-тебен болса бересіз, болмаса күн көру де оңай емес қой. Қарағанды қаласында бір жағдай болған еді…

Қазақтың бір ақсақалының «нанға тиын – тебен тастап кетіңізші» деген сөзін құлағым шалып қалды. Өзім болсам студент, қалтамды қағып 50 теңгені бердім. Ата мұнда не істеп отырсыз, сіздің балаңыз барма дегенім сол-ақ екен, «Әй қойшы, қарағым, сенің де сұрайтын сауалың осы ма?» бетіме әлсін күліп қарады. Неге көше бойын тентіреп жүрсіз, балаңыз болса, бақпайды ма, деп айтып салдым. Қазақ деген атқа кір келтірмеңіз, мұнда отырмаңыз, қарныңыз ашса мен өзім бір күндік тамағынызды апарып беріп тұрайын, мекен-жайынызды беріңізші дедім. Ол кісі: «Қызым – ау, мен бейбақты жетіскенен жүр дейсің бе, бір бұрышқа сыймай қалған соң жүр емеспін бе, амалым қанша, ұлым мені үйден қуып жіберді» деп іштегі шерін ақтарып салды. Әлі тыңдап тұрмын…

Ертесіне келсем, үйге сыймай қалған қартымыз көрінбеді. Сөзім батып кетті ме, басқа болды ма, көрінбеді.

Қайыршылардың мәселесі бөлек әңгіме. Өлгенде біреудің малын бағып, немесе ауласын сыпырса да мына күнде нан табуға болады. Мені алаңдатыны – қазақ азаматтарының әке-шешелерін бір шаңырақ астына сыйдыра алмай отырғаны. 1 бөлмелі пәтер болса не болыпты, көңіл сыйса бәрі дұрыс болады деуші едік-ау. Оның үстіне 9 ай көтерген, асырап баққан, арқасынан қаққан, үнемі тілекші боп келе жатқан ата-анасын адамдар қалай ғана сыртқа шығарып жібереді. Құдды бір ескірген, жарамсыз тауар секілді шығарады да тастайды. Ащы да болса шындық, көбіміздің көңіліміз емес, жүрегіміз қарайып кеткен секілді.

Әселхан Торбаева