Жақсылық жасауға ұмтылайық!

Жақсылық жасауға ұмтылайық!
жеке
блог

Жарық дүние есігін ашөан әрқайсысымыздың бұл өмірде ұстанатын қағидаларымыз, атқарар істеріміз бар екені аян. Шамамыз келгенше әр адамзат баласы өз тірлігін атқарып келеді. Бірақ, бұл ғаламдағы әр адам бір-біріне тәуелді, бір-бірімен байланысты, бір-біріне себепкер екенін аса ұға бермейміз. Мысалы, көз алдымызға елестетейікші. Сіз қала көшелернің бірімен келе жатырсыз, кенет жаныңызға қолында қағазы бар бір кісі келеді. Қағазында жазылған мекен-жайды айтып, ол жаққа қалай жете алатындығы туралы сізден сұрайды. Сіз ол мекен-жайды білесіз, асылында ол жаққа қандай бағытта жетудің амалдарын айтасыз. Ол кісі сізге ризалығын білдіріп кете барады. Ал діттеген жерге жеткенде іштей болса да, алыстан болса да сізге алғысын білдіріп жатады. Сіз оған аз да болса жақсылық жасадыңыз деген осы. Сол кісі секілді сіз де ертең бір жағдайға түсуіңіз мүмкін. Сол кзеде сізге көмекке бейтаныс адам келуі мүмкін. Сіз де оған алғыс айтарсыз.

Мінекей, бұдан аңғаратынымыз, бұл өмір тек жақсылықтардан, қайырлы істерден құралады. Сол себептен, де жақсылық жасауға ұмтылайық, достар!

17 ақпан әлем бойынша "Мейірімділік күні" атап өтіледі. Осыған орай, сіздерге мынадай ұсыныс тастайық деп шештік. "Келесі аптаға дейін үш адамға жақсылық жасауым керек" деп әрқайсысымыз өз-өзімізге тапсырма берейік. Бір аптадан кейін тапсырманың орындалу-орындалмауына байланысты жазба жариялайық. Ал кеттік ендеше)

Іске сәт, достар!