Мен оларды жақсы көремін

Достар, тағы мен ғой сүгіреттеріммен. )) Ренжімеңіздерші? Өткен жолы жеке мұрағатымнан деп "Күндеріммен" бөліскен едім. Ал, бүгін жеке мұрағатымдағы мен көрген, мен байқаған, менің өмірімде кездескен ғұмыры қысқа ғана болса да, менің есімде қалған гүлдермен бөліскім келгені... 

Бұл жұмыс бөлмемізде гүлдеген бөлме гүлі еді...

Құрбым тұңғышын дүниеге әкелген ауруханада жатқан кезінде барғанбыз. Сол аурухананың ауласындағы гүл және гүлге қонған шыбын...

Ауыл. Егін алқабында қызғалдақтар қаптап кететін уақыт болушы еді...

Ұстаздар күніне орай сыйланған ақ раушанның "соңғы күндері"...

Алматының әлдебір саябағында...

Ауылда. Інімнің тойы. Тойға дейін ауыл, тау аралап қыдырып жүргенде, мен адамдарды емес, осындайларды түсіріп кетуші ем...)

Ұстаздар күніне сыйланған ақ раушанмен бірге келген қызыл раушан. Қимаған соң, үй гүлінің топырғағына "қадап" қойып ем. Бәрібір тастауға тура келді...(

Бағанағы той кезінде... Ауылымның, даламның гүлі...

Жан құрбым - Жадыраның тойы. Ауылда болды. Мен қызжолдас болып, қалыңдық гүлін қаладан арнайы жасатып апарған кез еді... (қызжолдас болған "құрсын")) )

Даламның гүлдерінің бірі...

Жоғарыдағы раушандардың "санаулы күндері қалған"...

Ауылымның даласының баға жетпес "сұлулары"...

Екі жыл тұрған пәтеріміздің тура алдында шие ағашы өсуші еді. Мінеки, сол жеміс ағашының гүлдеуі. Ғажап қой, иә?!

Қытайдан бір естелік. Әлдебір саябағындағы лотос гүлі... 

Мен ғашық гүлдердің бірі...))

Гүлдеген үй гүлі...

Алматы облысындағы Нарынқол жақтағы Абай ауылына қыстың күніне қарамастан құрбымның тойын бара жатырмыз, сыныптастармен... Бұл қуанышты бөліскен де гүл болды...

Мақтанайыншы? Өзім өсірген үй гүлімнің гүлдеуі...

Панфилов саябағындағы раушандардың бірі...

Мерекеде сыйланған гүлдер...

Сұлу емес пе? Тәккапардай)

Адамдар қолымен әртүрлі түске боялса да, ерекше әдемі, иә?)

Мен көрген гүлдердің ішінде ең көңілсізі. Әдетте, гүлдердің "өлуін" түсірмеуші едім. Бұл бөлмелес құрбымның жігіті үш түсті үш раушан сыйлап, құрбым тастағысы келмей, осы күйге жеткенге  дейін сақтаған еді. Сәл де болса, "көңілді" болсыншы деп, апельсин жемісін сүгіретке енгізген едім...((

Осымен тамам. Іштеріңіз пысып кетсе, айып етпеңіздерші? Байқап қарасақ, өміріміздегі әрбір қуанышты, бақытты сәттерде осы бір өсімдік түрі қуанышымызды бөліскісі келіп тұрады екен... Олар бізге, біз оларға керектей... 

Н:ғ.: ...олар маған аса жарасып, не асығып тұрмаса да, мен оларды жақсы көремін...)



Бөлісу: