<<103>> НЕГЕ КЕШІГЕДІ?

<<103>> НЕГЕ КЕШІГЕДІ?
жеке
блог

       Жедел медициналық жәрдем қызметін шақырған соң, 15 минут ішінде жетуі тиіс. Жердің шалғайлығына байланысты 20 минутқа дейін күтуге болады. Дегенмен, осы тұрғыда тұрғындар «103-ті» көп күтетіндігін айтып, жиі шағымданады. Әрине, жаны қысылып, ауруы асқынған науқастың жағдайына кімнің болмасын алаңдайтыны орынды. Онда кешігудің себебі неде? Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету стансасының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова бұл сауалға мынадай уәж айтады:«Осы мәселеде тұрғындардың біздің сала қызметіне түсіністікпен қарауын сұраймыз. Себебі, шақыртулардың дені кешкі 18:00 — 24:00 аралығында болады. Әсіресе, кешкі алтыдан кейінгі шақыртулар саны жиілейді. Бұл жұмыстан қайтатын уақыт болғандықтан жолдағы кептелістен жете алмаймыз. Екіншіден, қала аумағының кеңеюіне байланысты Сайрам, Ордабасы, Төле би аудандарынан шамамен 117 мыңдай халық қосылды. Бізде небәрі 74 бригада ғана жұмыс істейді. Миллионға жуық халқы бар Шымқалаға біздегі мамандар аздық етеді. Сол себепті, билік өкілдерінен келесі жылға бригада санын көбейтуге ұсыныспен шығып жатырмыз».